«Алтын кірпік, ай қабақты арулар»

45

Тақырыбы: «Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Мақсаты:  Қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көрнекі жазылған тақырып, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер, плакаттар, шарлар,үнтаспа.
Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады.
Тәрбиеші:
Келді ғой көктем, құдірет біткен ғажайып.
Құрметтеп оны жұмыла қарсы алайық.
Мектепте  Қыз сыны тойы дүрілдеп,
Алаулатып  бүгінгі кештің отын жағайық.
Құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Міне
көктем айы да келіп жетті.Көктемнің  ең алғашқы айы аналары-
мыздың салтанатты мерекесімен басталады.
Бұл күн  тек аналардың мерекесі емес сонымен қоса өмірге нәр беретін, тал шыбықтай бұралған қыздарымыздың да мерекесі .
Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің хабаршысындай болып,
8 наурыз мейрамы да келеді.
Ендеше көктемгі гүлдей жарқырап,күндей құлпырған мерекелеріңіз
құтты болсын!Бүгінгі «Ай қабақты , алтын кірпік арулар…» атты
қыз сыны байқауын тамашалауға келіп отырған барша қауымға қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Ал,ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды құрметтеп қарсы алайық!
Арулар ортаға шығады.
1.    Айдана
2.    Аружан

  1.  Жанерке
  2.  Жаннұр
    5.   Ырыс

Тәрбиеші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің ару қыздарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.
Тәрбиеші:
Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар,- деп арулардың өнері-білімін әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Тәрбиеші:
Байқау шарттары:
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
4. Қыздарға әсемдік жарасады (ұлттық киім үлгісі)
5. «Адамның жан сұлулығы»
( Үй тапсырмасы бойынша  қатысушыларымыз кейіпкерлерді сомдайды)
6.   Шебердің шыңы ( Қол өнері қазақтың ою -өрнектерін ою. Ата –аналарымен бірге)

Құрметті ару әсем қыздарымыз орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші деп бүгінгі аруларға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды бастамас бұрын аналар мерекесіне арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
1. Сәлем- сөздің анасы (таныстыру) – деп  аталады. Арулар  бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.

  1.  Айдана
    2.    Аружан
  2.  Жанерке
  3.  Жаннұр
    5.   Ырыс

Тәрбиеші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ару кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әр бір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)-деп аталады. Бұл кезеңде жылдамдықты талап етеді.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша  мың бұралған бишілерге берелік.
«Барби» биі биленеді.

Жұмбақтар  Жатаған тақпақтарын жалғастырады

Жаңылтпаштарды жалғастырады

Тәрбиеші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөлімінеде кезек келді.
4.Аруларымыз ұлттық киім үлгісін көрсетеді.
Тәрбиеші:
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді әйел кейпін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
5. Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде арулар ертегіден үзінді келтіре отырып образды түрде өт-
кізеді. Мысалы , «Бауырсақ»  «Жеті лақ» т.б

Келесі кезекті әнге берелік «Болайықшы осындай»
Тәрбиеші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай –ақ жан салыпты
6.Шебердің шыңы (қазақы ою-өрнек ою) Бұл кезеңде қыз балалардың  қол өнерлері сыналады.

Әзіл –қазылар алқасы өз қорытындысын шығарамын дегенге дейін «Ана туралы жыр» әніне кезек береміз. Қабыл алыңыздар!
Қорытындылау : Қазылар алқасының қорытындысы.
Марапаттау