Күз мерекесіне арналған 5 жас даярлық тобында өткізілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы.

Күз мерекесіне арналған 5 жас  даярлық тобында өткізілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы.

Тәрбиеші :Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерге 5 жас даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін  балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.

2.

  1. Тәрбиеші :

Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты  біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші : Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Тәрбиеші : «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздың әншісі Аружан  әсем әнін арнайды.
Ән: « Ертегілер »

«Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.Жанерке Бақытқызы: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Жанерке Бақытқызы мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.

2.Айдана Жасұланқызы: Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Айдана атым Жасұланның қызымын мен,
Дүйсекен тегі, Мизам немересі.

3.Алуа Серікқызы: Руым Найман , мен қазақ,
Мақсоттың немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың берген өнегесі.

Алғаш аштым балабақша есігін,
Алуа Серікқызы менің есімім,
Туып өстім Аягозде,
Алтын ұя – бесігімде .

Құлкеш маған нағашы,
Қызыл тонның жағасы.
Мен үшін өте қымбат қой,
Нағашының бағасы.

5.Ырыс : Қанатқызы Ырыс атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем Қанат, анам бар Алтынгүл атты,
Үлгі тұтар ағам бар Астанәлі.

6.Аружан: Әке-шешем мақтаған,
Аружан қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

Би: «Қара жорға»

  1. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
    Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.
  2. Жұдырықтай қызыл шар

Тілді үйірген шырын бал   (Алма)

  1. Түрі шар сияқты,

Түсі қан сияқты,

Дәмі бал сияқты. Ол не?  (Шие)

3  Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,

Пышақ тисе қып-қызыл болып жарылар  (Қарбыз)

4  Жер  астына түседі,

Сап-сарғыш боп піседі   ( Сәбіз)

5   Күннен көзін алмайды.

Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)

6   Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін,

Піспей тұрған кезімде, меннен аулақ жүр!-деймін (Өрік)

3. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
( Жемістердің киімін киіп алып, тақпақтарымен таныстырып, мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)

1.Жанерке (Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып ,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

2.Айдана🙁сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.
3.Алуа : (картоп)
Мен картоппын,картоппын,
Жер жүзінде мен көппін.
Тамаққа көп қолдансаң,
Пайдамды сонда білерсің.
4.Ырыс:(пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
5.Аружан:(қияр)
Мен қиярмын,қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырыныммен жуарсың.
Ән: «Айгөлек» Топ.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
4. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.
Ән: «Біз балдырған баламыз.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билнп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)
Әділ-қазылардың берген бағасы.

6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Тәрбиеші: Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» Мағжан,Нұртай.
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп граммота тапсырылады

  1. «Күз ханшайымы» — Айдана.
    2. «Әнші ару» — Жанерке.
    3. «Биші ару» — Аружан.
    4. «Сүйкімді ару» — Алуа.
    5. «Шебер ару» — Ырыс.