«Гүлдер біздің сәніміз»

72

 

Тақырыбы:  «Гүлдер  біздің  сәніміз»

 

Мақсаты: Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.

Жаңа  сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Көрнекі  құралдар: экран-проэкторға салыған  гүлдердің  суреттері, қойылған  бөлме  гүлдері, қиылған  гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ  барысы: Балалар  жарты  шеңбер  болып  тұрып, бір- біріне  күлімдеп, келген  қонақтармен  амандасады.

Балалар: Білер  қазақ  баласы

«Сәлем»-  сөздің  анасы

Алдымыздан  кезіккен

Көп  танысты  көреміз

Бәріне  де  ізетпен

Біздер  сәлем  береміз

Тәрбиеші: Балалар,  келіңдер  шеңбер  болып  отырайық, бәріміз  көзімізді  жұмып, әуенді  тыңдайық. Осы  кезде  гүлдердің  киімдерін  киген  қыздар  келеді. Балалар  орындарынан  тұрып,  орындыққа  отырады. Олай  болса  мен  сендерді  гүлдермен  таныстырайын.

 

 

 

Бәйшешек:  Бес  дегенім  бәйшешек

( Меруерт)   Бірінші  гүлі  көктемнің

Бәйшешекті  оятар

Баяулап түртіп, көктен  нұр.

Түймедақ:  Түймедейін  сары  дақ  ортасында,

( Анеля)     Тарала  өскен  ақ  гүлі  бар  қасында

«Түймедақ»  деп  аталып  кеткен  екен,

Түймеге  ұқсас  сол  дақтың  арқасында.

Қызғалдақ: Қырқалардың  төрінен

( Айнамкөз)Лаулап  көзге  ұрады

Қызғалдақтар  өңірді

Қып- қызыл  ғып  тұрады

Лалагүл:  Лаулап  оттай  шілде  айында лалагүл,

( Айғаным)  Лала  гүлмен  құлпырады  дала  бір

Ләззат  алмау  мүмкін  болмас  көркінен

Лалагүл  де өзгеше  әсем, дара  гүл

Күнбағыс: Көк  төсінде  алтын  күн

( Нұрай)     Көрінгенмен  мұнша  алыс

Келеді  одан  көз  алмай

Кербез  сұлу  күнбағыс

Раушангүл: Әдемімін, менен  қай  гүл  аса  алған

( Жансая)     Әуелден  -ақ  «Гүл патшасы»  атанғам

Әсемдік  пен  хош  иістен  нәр  алдым

Әлемнің  көп  жерлеріне  таралғам

Бақытгүл:  Бұл  әсем гүл күзде, ұзақ  гүлдейді

( Ақниет)    Басқа  гүлдей  шілдеде өмір  сүрмейді

Бір  мереке  бар  жапондар  елінде

Бақытгүлі  тұрады  оның  төрінде

Сергіту  сәті: Жайқалады  ағаштар,

Бетімізге  жел  еседі,

Кіп- кішкентай  балалар,

Үп- үлкен  болып  өседі.

Біз  гүлдерше  өсеміз

Жапырағы  жайқалған

Сабақтары  салалы,

Желмен  бірге жайқалған

 

Жарайсыңдар  балалар!  Балалар  орындыққа  отырады.

Ойын: «Жеті  қазына»

Шарты: Қоржыннан  түрлі- түске  боялған  асықтарды, балалар  бір-  бірден  шығып, алады.  Қандай  түсті  алса  тура  сол  түсті  гүлдің  шоғырын  алып, оның  ішіндегі  суретін  атап  әңгімелейді.

Әңгімелеп  болған  соң, тақтаға  іледі.

Тәрбиеші:  Балалар  бәріміз  енді  мына  үлкен  теледидарға  қарайық. «Түстерді үйренеміз»  атты  слайдқа  қарайық.

Қыздардың  орындауында  «Гүлдер»  биі.

Балалардың  шығармашылық  жұмысы  «Меруерт гүлін»  жапсыру.