Балабақшада туған күнді өткізу «Бүгін бізде туған күн»

216

Балабақшада туған күнді өткізу

«Бүгін бізде туған күн»

«Райхан» балалар бақшасы

Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы

ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке

ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету,

жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.

Балаларды адамгершілікке,досттыққа

тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар,

тақпақтар,өлеңдер айтқызу.

Құттықтаушы:       Сәлем достар!

Мен құттықтаушымын. Біздің сүйікті

Мерекеміз – бұл.

Балалар :                Туған күн.

Құттықтаушы:       Сондықтан мен сендермен бірге туған

Күнді тойлаймын.

Туған күн бүл тамаша

Би билейміз жараса

Туған күнде ән салып

Көңілденеміз шаттана

Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз:

1.Малкарина Дельнура-топтағы ең белсенді баланың бірі.

Өзі сондай сыпайы, салмақты, сүйкімді жандарымыздың бірі Дельнура 5 жаста.

2.Сафуан Аяулым- тобымыздың инабатты, ибалы, сыпайы,тартымды кішкентай аруымыз 5 жасқа толып отыр.

3.Сағын Сағбат-өте ақылды,ақ көңіл мейрімді жан.Сағбат би билегенді жақсы көреді.Сағбат бүгін 4 жасқа толып отыр.

4.Туған күннің иесі

Қыздарымыз келесі

Дауталиева Арухан 5 жасқа

Қалыбаева Айымжан

Толды міне 4 жасқа

Өнеріне бал тамған.

5.Бүгіні туған күніміздің ең кішкентай бүлдіршініміз Есқайыр Нұрсұлтан толды міне 3 жасқа.

Ән:«Туған күн»

Сайқымазақ:      Сәлем достар.

Сіздердің туған күндеріңді естіп келдім.

Қане туған күн тойын қызықты өткізейік.

Сайқымазақ өзінің өнерін көрсетеді.

Би:    Шарлар.

Құтықтаушы:

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін достардың

Бірге қарсы аламыз —   Блатбек.

 

Туған күнін достардың

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға алып би билеп.

Ән де салып береміз.-  Танбике.

 

Туған күнді тойлаймыз.

Қызықты ойын ойнаймыз.

Қолдан жасап ойыншық

Досымызға сыйлаймыз – Оксана

 

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Бәрімізге мереке – Ғазира.

 

Балалар:        Туған күнің мен.

Құтықтаушы: Қанекей балалр қараңдаршы тағыда біздерге

қонақтар келген сияқты.

Би:    Буратино.

Құтықтаушы:  Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт

дайындап жатыр

 

Аспазшы:     Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын.

Туған күндерің құтты болсын балақайлар.

Қарақшылар келеді.

 

Құтықтаушы:  Оу, қарақшылар сендер бұл жерде нестеп

жүрсіңдер. Біздер туған күн тойлап жүрміз.

Сендер біздің тойымыздың шырқын бұзуға

қақыларың жоқ.

 

Қарақшы:        Бізде көңіл көтеруге келдік. Біздің де

өнеріміз бар, қанекей достар.

Би:  «Қарақшылар»

 

Қарақшылар – тортты алып кетеді.

 

Аспазшы:         Балалар мына жерден ешкім өткен жоқпа,

ешкімді көрмедіңдерме. Мен әзірлеп жатқан

тортым жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз

қалай өткіземіз. Енді не істейміз?

 

Құтықтаушы:  Аспазшы сабыр етіңіз. Қазір бәріміз бірге

іздейміз. Іздеушілерден көмек сұрайық.

Сәлем іздеуші сіз бізге көмектесіңіз.

Қарақшылар біздің тортымызды ұрлап кетті.

Біз тортсыз туған күнді қалай өткіземіз.

Іздеушілер:      Мен сіздерге көмектесемін. Қане мына

жердегі іздерді іздеп көрейік.Осы іздер

болар.Мына іздердің сыңарын табайық.

 

Ойын:          «Кім тез»

 

Іздеушілер:     Мына жерде тағыда іздер бар екен соны

қарайық.Бұл сиқыршының ізі екен.

Сиқыршы:       Сендерге менім көмегім керек болып жатқан

сияқты.

 

Құттықтаушы: Сәлем сиқыршы қош келдің.

Біздер туған күн тойлап жатыр едік аспазшының

балаларға арнап дайындап жатқан  тортын

қарақшылар алып кетті.

 

Сиқыршы:      Достар көңілдеріңді түсірмеңдер.Қазір мен

өз сиқырымның көмегімен көңілдеріңді

көтерем.

Сиқыршы:      Мен қазір қолымдағы кішкентай қоянды өз

Сиқырыммен сиқырлап үлкен қоян шығарам.

Енді мына допты да сиқырлап үлкен доп

Шығарам.

Балалар не жегілерің келеді?

Балалар:         Кәмпит

Сиқыршы:      Абрака дабра.

Би:  «Кәмпитер» Ой сиқыршы сіз бізге көп кәмпиттер алып

келдің.

Сюрприз: Үлкен кәмпит.

Құтықтаушы:   Үлкен сиқырлы кәмпиттің ішінен туған күн

иелеріне сиқырлы силықтар шығуда.

Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз.

Кәмпиттер:     Туған күндерің құтты болсын.

 

Сиқыршы:       Балалар тағыда не жегілерің келеді?

Балалар:          Торт.

Сиқыршы:       Абрака дабра.

Торт шығады.

Құттықтаушы: Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді.

Туған күн иелерін ортаға шақырайық.Енді

Бәріміз үрлиік.

Ән:  «Happy birthday»

Құттықтаушы:

Туған күнің құтты болсын балақай,

Қуаныш пен шаттық бағын аралай,

Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,

Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.