Білім теңізіне саяхат

55

Білім теңізіне саяхат

Білім беру саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.                                 Бөлімі:  Тіл дамыту, Көркем әдебиет, ҚМТҚ, Қоршаған орта, Жапсыру, Құрастыру.         Мақсаты:    1.Балалардың  күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату

арқылы бекіту .

  1. Балалардың шығармашылығын мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау

қабілетін дамыту.

  1. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.                                                Билингвалды сыңары: қыс-зима, көктем-весна
Білім беру саласы Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
1.Ұйымдастырушы  қозғаушы қызмет түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялау.

 

 

 

 

 

 

Психологиялық сәт

 

 

 

 

 

Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу іс-әрекетімен таныстыру.

Қазір қай мезгіл?

Қыс қанша айдан тұрады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2. Тосын сәт

Ғалымбек сиқырлы сандықпен кіреді.

Ғалымбек: Сәлеметсіздер ме балалар?

Сендердің мектепке барғыларың келе ме?

Сендердің мектепке  барғалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы сандық алып келдім. Сандық ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін, менімен бірге «Білім» еліне сапарға аттанайық!

Сапарға шығу үшін не керек?

Ал қандай көлік түрін білесіңдер?

 

Өте жақсы олай болса, бүгіналдымызда ақ қағазда нүктелер қойылған сол нүктелерді бір-біріне қоссақ қандай көлік шығады  сондай көлікпен «Білім» атты кемемен сапарға аттанайық.

 

 

 

Ал енді, балалар  біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Табиғат деген не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Денсаулық  деген не?

 

 

 

 

 

 

-Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.

-Су қандай?

-Су қайда болады?

 

 

 

 

 

 

-Суда нелер тіршілік етеді?

-Су астында не бар?

 

 

 

 

 

-Бұл «Білім» елі. Менің тапсырмам осы елде!

 

Есеп: Ағаш бұталарында үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?

 

1.Бес алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда шешуі

Өз қолыңда қалады?

 

2. Алдыңда үш балапан,

Артыңда үш балапан,

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын балақай?

 

3. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?

Ойын.

Сандар шатасты.

Мақсаты: Ретімен қою.

Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің  бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын.

Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз.

Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме?

Білім туралы тақпақ айтады.

 

 

 

 

 

Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді.

-Балалар біздер «Білім» еліне немен келдік?

-Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.

-Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше балабақшамызға тез жетіп алайық. Әндетіп бару.

-Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін, еркін тыныста

Демінді ішке тез ал да,

Өз қолыңды алға соз,

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қолда бос  тұрмасын

Шеңбер жасап зырласын.

-Ал енді, балалар біздің Ғалымбек ағамыздың әріптері де бар екен содан сөйлем құрап берейік.

 

Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар.Өздеріңнің ақылды екендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Мектепке дайын екенсіңдер. Музыкамен ашу.

-Балалар  енді сендер мектепке барасыңдар. Сондықтан  сендердің достарың осы оқу құралдары болады.

Сау болыңдар!

 

 

 

 Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

 

 

Қыс мезгілі

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

 

 

Сәлеметсіз бе!

 

Иә

 

 

 

Иә

 

 

 

Көлік керек

Әуе, жол, су, жер асты көліктері.

 

 

 

Балалар нүкте арқылы қосты кеме үлгісі шықты

 

 

-Табиғат айналаны қоршаған бүкіл әлем. Бұл аспан, жер, өзен, көл, теңіздер, ағаштар, шөптер әлемі.

-Денсаулық дегеніміз денінің саулығы. Деніміз сау болуы үшін спортпен шұғылдануымыз керек, дәрумендер жеуіміз керек. Дәрумендер: алма,алмұрт, алша т.б.

 

 

-Су таза, мөлдір.

-Өзенде, көлде,мұхитта болады.

-Балықтар, өсімдіктер.

-Балықтар, жер бар.

Ғалымбектің 1-тапсырмасы тура,кері санау. 1-10-ға дейін.

 

 

Екеуі қалады.

 

 

 

 

Төрт алма

 

 

 

 

Барлығы сегіз.

 

 

 

 

Бес қаз.

 

Балалар қызыға ойнады.

 

 

 

 

 

 

 

1.Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

2.Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы

3.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

5. Білім шырақ,өнер бұлақ

6.Білім басқа бітеді,

Қына тасқа бітеді.

7.Оқу инемен құдық қазғандай.

Кел балалар, оқылық

Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар,

Іздегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

 

 

-Кемемен жүзіп келдік.

 

 

 

 

 

 

 

-Төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы,дөңгелек, сопақша.

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп жатқа айтты.

 

 

 

 

Мектеп –кеме, білім – теңіз.

Күтілетін нәтиже.

Білуі керек: Жыл бойына өткенді еске түсіре отырып білді..

Түсінеді: Сұраққа толық жауап берді

Қолданды: Дұрыс жапсырудың әдіс-тәсілін қолданды.