Қыс ғажайыптары

 

Тақырыбы: Қыс ғажайыптары

Ұ.О.І.Ә-ның мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.

Білім саласы: Шығармашылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, серуен- саяхат, өлең оқу, дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу, сұрақ- жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.

Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүрткіш.

Ұ.О.І.Ә-нің барысы: Сәлемдесу.

Қайырлы таң- Алтын күн!

Қайырлы таң- Көк аспан!

Қайырлы таң- апайлар!

Қайырлы таң- достарым!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

— Балалар, орманға барғыларың келе ме?

-Иә

Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.

  • Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
  • Міне, балалар біз орманға келдік.

Орманнан нелерді көріп тұрмыз?

Балалардың жауабы: — Орманға келдік. Ақ қар, шыршалар, ағаштар көрдік.

Тәрбиеші: — Балалар кім қар туралы өлең біледі екен?

Балалар:

Аппақ- аппақ, қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Тәрбиеші: — Шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойлары бірдей ме?

Балалар: — Жасыл. Бойлары аласа- биік.

Тәрбиеші: — Орманда тағы нелер бар екен?

Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.

Қоян: — Ой, саламатсыздар ма, балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар: (Қоянмен амандасады). Саяхатқа келдік!

 

Тәрбиеші: — Баллар, біздер аңдар туралы өлеңдер білеміз бе? Кәне, кім айтады?

Айда: Қайшы құлақ қоянмен,

Ақшыл түске боялдым.

Қоян: — Ой, қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрейін.

Тәрбиеші: — Жарайды, бізбен бірге еріп жүрсін, балалар. Мынау не екен?

Балалар: — Ағаштар

Тәрбиеші: — Ағаштарда жапырақ бар ма? Мынау ақ болып тұрған нелер екен?

Балалар: — Жапырақ жоқ, бұлар ақ қарлар.

Тәрбиеші: — Мынау нелер екен?

Балалар: — Суық торғайлар.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап, деп балалар жем шашады.

Тәрбиеші: — Балалар, мына жерде апан бар екен, кәне, қарайық, ненің апаны екен?

Балалар: — Аюдың апаны.

Айым:       Балпаң-балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Тәрбиеші: — Балалар қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік, біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді.

  • Балалар, ал мынау тұрған не екен?

Балалар: —  Аққала.

Тәрбиеші: — Міне, біздің де алдымызда балалар орманға саяхатқа келген. Солар аққала жасап кетіпті. Аққала неше бөліктен тұрады? Пішіні қандай? Түсі қандай?

Балалар: Үш бөліктен, пішіні дөңгелек, түсі- ақ.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар. Мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімнің үйі екен? Терезесін қағып көрейікші?

Балалар: — Тук- тук- терезесін қағады.

Түлкі: — Менің үйімнің терезесін қағып тұрған кімдер?

Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа келгенбіз. Сенің әдемі үйшігіңді көріп келдік!

Түлкі: — Амансыңдар ма, балалар?!

Балалар: Түлкімен амандасады.

Тәрбиеші: — Балалар кім түлкі туралы өлең біледі?

Аружан: Мен түлкімен- түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Түлкі: — Жарайсың, балақай. Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?

Тәрбиеші: — Иә, бізбен бірге жүр. Балалар біз тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнап алсақ қалай болады?

Қоян:  Мен ойнатсам бола ма, балалар? Ендеше қимылдық ойын ойнайық.

Аяз десем- секіреміз,

Шуақ десем- тоқтаймыз (2 рет ойналады)

Тәрбиеші: —  Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық!  Аңдармен қоштасайық! Көзімізді жұмып, сиқырлы қалпақ, шапанның көмегімен балабақшамызға қайтайық.

  • Міне, балалар біз балабақшамызға келдік!
  • Орманнан нелерді көрдік?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Орнымызға отырып әдемілеп тіс пастасы арқылы ақ қардың суретін салайық. Сол қолымызға қол сүрткішімізді ұстап, оң қолымызбен саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық!

Тәрбиеші салу техникасын көрсетеді.

Сергіту жаттығуын жасайық:

Орманға барсақ түлкі бар,

Сайға барсақ, қоян бар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Балалардың салған суретін қорытындылау.

Сау болыңыздар!