«Тәрбиеші кім?…Бала кім?…»

101

 

Аты- жөні, жұмыс орны. Шапхатова Салтанат Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті «Райхан» балалар бақшасы, тәрбиеші.
Тақырыбы: «Тәрбиеші кім?…Бала кім?…»
Мақсаты: Бала тәрбиесіне бала біліміне жол тартқан тәрбиеші қандай болу керегін ұғыну. Бала әлемімен бірге үндесе өмір сүру керек екенін біліп, баланың жан дүниесін түсіне білу.
Күтілетін нәтиже: Бала әлемін түсіне білген тәрбиеші- баланың ішкі жан дүниесін түсіне біледі,  ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс екенін ұмытпайды.
Әдісі: Дөңгелек үстел
Уақыты Жүргізушінің іс- әрекеті Қатысушылардың іс- әрекеті
1 мин. Топқа бөлу Кәмпиттерді таңдап, түсі бойынша топқа бөлінеді.
3 мин. Тренинг. «Амандасу» «Танысу» 1 шапалақ- қолдарымен;

2 шапалақ- иық;

3шапалақ- арқаларымен амандасады.

5 мин. Тапсырма №1

«Кластер» әдісі

«Тәрбиеші» мен «Бала» тақырыбында кластер құрастырады.
3 мин. Тапсырма №2

«Постер қорғау»

 

 

Әр топтың барлық мүшелері өз топтастыруын ортаға шығып қорғайды
2 мин. Тапсырма №3

«Бағалау»

Әр топ мүшелері стикерге жазып қарсы топқа баға беріп, солып қалған құмарадағы гүлдерге іледі
5 мин. Слайд бойынша теориялық түсінік беру. Жүргізушімен бірге талқылайды.
3 мин. Тапсырма №4

(ситуациялық сұрақ)

 

Қатысушылар ситуациялық сұраққа жауап береді.
10 мин. Тапсырма №5

(бейнебаян)

Бейнебаян бойынша «Тәрбиешінің рөлі…?» сұрағына жауап беру.
5мин. Қорытынды. Жүргізушіні тыңдайды.
3мин. Рефлексия «Жүректен жүрекке» Қатысушылар отырыстан алған әсерлерін жүрек стикерлеріне жазып, үлкен жүрекке іледі.