«Әр түрлі жапырақтар»

Технологиялық карта

Тақырыбы: «Әр түрлі жапырақтар»

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Экология негіздері

Мақсаты: Түсіне, көлеміне, пішініне байланысты жапырақтарды ажыратуға үйрету. Олардың жыл мезгілдеріне сәйкес өзгеріп отыратындығы туралы түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер: Арт-кластер, мнемотехника, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ата-аналар мен алдын ала жұмыс.

 

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару

іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

 

  1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

Ғажайып сәт.

Топқа көңілді әуенмен, қолында жапыраққа толы қорапшасы бар   Дымбілместің келуі.

—         Сәлеметсіңдерме балалар, мені таныдыңдарма?

—         Мен дымбілмеспін.

Балалар мына менің қолымдағы қорапшадағы не нәрсе екенін білмей тұрмын. Сендер білесіңдерме?

 

Топқа келген дымбілмеске назар аудара қарайды.

 

—         Сәлеметсіз бе.

 

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық- ізденістік

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

Тәрбиеші: Дымбілмес сен бүгін дәл келдің біздер бүгін осы сенің қолыңдағыдай жапырақтар туралы айтайын деп жатыр едік. Бізді мұқият тыңда, төрге шық. Дымбілмес сол кезде қолындағы қорапшадағы жапырақтарды шашып алады.

Қимылдық ойын: «Кім жылдам?»

Балалар жапырақ қайда өседі? Сендер білесіңдер ме? —  Дұрыс айтасыңдар жапырақтар ағашта өседі.

—         Қане, барлығымыз суретке назар аударайықшы.

—         Суретте не бейнеленген?

Төрт жыл мезгіліне қарай жапырақтың өзгеріп отыратындығын түсіндіру.

(сызба арқылы).

Жапырақтың өсу жолдарын түсіндіру.

(арт – кластер)

«Күзгі жапырақтар» өлеңін мнемотехника әдіс-тәсілі арқылы, өлеңді еске түсіру.

Сурет бойынша балаларға тапсырма беру.

Алдын ала ата-аналар мен балаларға берілген үй тапсырмасын талдайды. Әр түрлі жапырақтардан бір бейне жасау. Суретті көрсетіп ненің суреті екенін айтып, балаларға қошемет көрсету.

 

 

 

Дымбілмеске жапырақтарын жинап беруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суретке назар аудара қарайды.

 

—         Ағаштар.

 

Жапырақтар өлеңін еске түсіріп айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қолдарына берілген сурет бойынша, күз мезгілінің ерекшеліктерін атап қорапшаға салады.

        3 кезең

рефлексті-        түзетімдеуші

 

 

 

 

 

 

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау.

 

Ұ. о. іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

 

 

 

Өз жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже: Үй тапсырмасын орындау арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Нені игереді:  Жапырақтардың жыл мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын игереді;

Нені біледі: Жапырақтардың көлемі әр түрлі болатындығын біледі.

Үй тапсырмасы: « Ата- анамен бірлескен жұмыс»