«Тіл болашағы-балабақшадан» (сайыс)

«Тіл болашағы-балабақшадан»  (сайыс)

Мақсаты:                Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру,

тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Мақал-мәтелдер

арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің

бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты

бойға сіңіру, іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, мадақтау қағаздары, гүлдер, шарлар, тақырып жазылған плакат.

Барысы:

Жүргізуші:

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз.«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Ендеше тілдің бала өміріндегі құдіретін танытып жүрген сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

Құрметті сайыскерлер «Тіл болашағы –балабақшадан», дегендей  бүгінгі сайысқа қош келдіңдер. Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру .
  2. «Сиқырлы сөз»
  3. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
  4. «Сөз құра, тез құра»
  5. Жүректен-жүрекке.

Сайысқа «Гүлдер» тобының тәрбиешілері және тәрбиеші көмекшілері келіп отыр. Таныстыруларын тыңдасақ.

І. Таныстыру.   «Гүлдер» тобы.

Қиындықтан қашпаймыз,                                         Гүл өсірсең терлеп,

Алған беттен қайтпаймыз.                                        Мұның аты-еңбек.

Тұрған міне, көп гүлдер                                            Сайысқа да қатысу,

Келіп, тұрмыз жарысқа                                             Бұл да бізге ерлік.

Тіл байлығы мол бізде.                                              Қиындықтың бәрін

«Гүлдер» тобы жеңбек.

 

 

Ортаға «Балапан» тобының қатысушыларын шақырайық.

«Балапан» тобы.

Ана тілін ардақтап,                                                    «Біз «балапан» бақытты

Ата салтын сақтаймыз.                                               Гүлдермен дос боламыз.

Балапанбыз бақытты                                                   Гүлдерді жұлмаймыз,

Сайысудан қашпаймыз.                                              Жеңілмейміз, озамыз.

 

ІІ. «Сиқырлы сөз»

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Сондықтан мақал-мәтел айтудың маңызы өте жоғары деп санаймыз.

-Адасқан сөздерді орнына қойсаңдар, тіл туралы мақал-мәтелді оқимыз.

Ұпай -5

  • Шеше алмау, тіл, тіс, түйген.
  • Көпір, достық, тіл, алтын.
  • Ортақ, шебер, шешен, тіл, қол.
  • Тіл, бас, тас, жару.

ІІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сөзге қатысын тауып, тұрақты сөз тіркесін құрап мағынасын түсіндіру.

1                              2                               3                                  4

Төбесі

Аузы

Бойы

мұрны

 

жетті

бал

шекер

алма

алмұрт

 

 

тамған

қой

ат

түйе

ешкі

 

 

ойнайды

өкпесі

жүрегі

қолы

көзі

 

шықты

 

  1. Төбесі көкке жетті-қуанды.
  2. Бармағынан бал тамған-шебер.
  3. Ат құлағынан ойнайды-атқа жаңа отырады.
  4. Жүрегі тас төбесіне шықты-қорықты.

ІҮ. «Сөз құра, тез құра»

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң, жығарсың-дегендей, келесі сайысқа кезек жетті.

Қатысушыларға 2 әріптен беріледі. Жүргізушінің тапсырмасын шешіп, сол сөзді құрау.

1-топқа. Қ. О. Й. Т. А. С.  (Қ-Т), (О-А),  (Й-С).

  • Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.       (қой)

  • Өлі табиғат. (тас)
  • «Күт» сөзінің синонимі.       (тос)
  • Үйдегі мереке. (той)
  • Жұп сөзіне қарама-қарсы сөз. (тақ)
  • Ұр немесе… (соқ)

2-топқа. Б. А. С. Е. Л. Қ.  (Б-Л), (А-Е), (С-Қ)

  • Дене мүшесі. (бас)
  • Өте жақсы. (бес)
  • Қолыңды қалтаңа (сал), тоңысың.
  • Араның тамағы. (бал)
  • Ешкінің төлі. (лақ)
  • Өте кір. (лас)

Ү. Жүректен-жүрекке.

Қатысушылар шашылған жүрекшелерді жинай жүріп, бала тәрбиесі жөнінде мақал-мәтел айтып, «Үлкен жүрекше» қалтаға салады.

Қорытынды.

Осымен осы ойынды тәмамдасақ,                       Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Бұл жарысты өткізермек жаман болсақ.             Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын?

Үйрендік білмегенді осы жолы,                       «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.                         Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.