Мамандықтар

 

Білім беру саласы:«Таным »
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты:Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.

Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен

таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім

беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу  қажеттілігін түсіндіру. Әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және  түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және  еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Алдын- ала жұмыс:Ата-аналарының жұмыстары туралы біліп келу
Сөздік жұмысы:Тәрбиеші,дәрігер,аспазшы,ұста,етікші,мұғалім т.б
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:мамандық иелерінің суреттері,таратпа суреттер

 

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивизациялық- қозғаушылықЖылулық шеңбері Қонақтармен амандасу

 

Өткен тақырыпты қайталау

-Өткен тақырыпта біз сендермен не жайында таныстық,балалар?

-қандай пайдалы өсімдіктердің аттарын білесіңдер?

-түймедедағы гүлі қандай ауруға пайдалы?

Жолжелкен ше?

-өте жақсы.

 

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз. (Бас иеді)

Біз қазақтың баласы

Дені сау салауатты

Біз –ұлттың болашағы

Білімді де сауатты

—          Асқазанға,ауыз шаюға.

—          -көз ауруын емдейді

Ұйымдастыру -ізденушілікБалалар тақтадағы жазуды көріп тұрсыңдар ғой. Біздер оқыған әріптерден тұратын сөзді оқысақ бүгінгі тақырып шығады. МАМАНДЫҚТАР

Ал мамандық дегеніміз не қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

 

 

 

Оқушылар буындап оқиды

Өз ойларын айтады.

Балалар мұқият тыңдайды..

 

 

Ұйымдастыруізденушілік

 

 

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Әсемепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әр баланың  арманы.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

-Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.

-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.

-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.

Жұмбақ шешу

-Балалар мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп тұр,тыңдаймыз ба?

1.Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы

2.Кірпіштен сарай,үй салады,ол адам кім болады?

3.. Астында жүйрігі,қолында құрығы

4. Қалықтайды, бірақ ұшпайды

5. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады

6.Аспанға ол самғайды,   Ғарыштарды шарлайды.

Болмаса егер ол кісі   Білмес едік осынау   Аспандағы мән-жайды.

Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!

2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?

3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.

4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.

6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады. . Ойын: «Қай мамандық иесі?»

— Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

— Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

— Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тыңдап отырады.

 

Балалар тыңдап,мамандық иелерінің атаулары мен танысады.

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

(Аспаз)

(Құрылысшы)

(жылқышы)

(биші)

(шаштараз)

(Ғарышкер)

Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды:

-Сатушы

-Жүргізуші

-Дәрігер

-Шаштаразшы

-Мұғалім

-Аспаз-деп өз жауаптарын береді.

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

                Сергіту сәті

-Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?

-Дұрыс ,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

(«Шөжелерім» әнін қосып, балаларды билету)

— Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

Әліппе дәптерлеріңді ашыңдар. №1 тапсырма

Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар?

Балалар жауап беруге қиналғанда көмектесемін

№2 тапсырма Сурет бойынша құрлысшылар туралы әңгімелету

№3 т Шахтер мамандығы туралы айт. Көмір еліміздің қай жерлерінде өндіріледі.

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер , өлең тақпақтар біледі? (өз білгенін айтқан балаға жұлдызша тарату.)

Дәрігер:                                        Ұшқыш:

Мен дәрігер боламын            Ар- намысын сақтаған

Үлкеннің де баланың           Жүректе сыр сақтаған

Қиналғанда қасына              Жан тәнімен жаттаған

Бірінші боп барамын          Ұшқыш болғым келеді

      Инженер:                                Ақын:

Мен инженер боламын              Ал мен ақын боламын

Жерден алтын табамын          Сусылдаған қаламым

Жолын қуған әйгілі                 Адамдардың жүрегін

Академик ағаның                   Жырмен жаулап аламын

Агроном:                                       Мұғалім:

Нан беремін баршаға                Мен үлкейіп  толамын

Жер маманы болам мен             Сонда  осы ауылдың

Барып жүрмін бақшаға            Бөбектерін оқытып

Агроном ағаммен                    Мұғалима боламын

 

 

Балалар биші деп жауап береді. Әннің ырғағына сай билеп бойларын сергітеді

 

Бірнеше балалар өздері білетін өлең -тақпақтарын айтады.

 

Дәптердегі мамандық иелерін атайды.

1.      Археолог(көне мәдени мұраларды зерттеуге бағыттал ған қазба жұмыс тарын жүргізеді)

2.       Металлург (темір өңдеуші)

3.      Ғарышкер ( ғарыш кемесімен ғарышқа ұшады ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам…)

4.      Май құюшы (машинаға май құюшы)

5.      Шахтер (көмір өндіретін адам)

6.      Жол жөндеуші

1.Еңбек түбі — береке.

2.Еңбек түбі — зейнет.

3.Еңбегі аздың өнбегі аз.

4.Шеберді саусағы асырайды.

5.Еріншектің ертеңі бітпес.

6,Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.

7. Еңбек қылмай ер оңбас,

8.Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

9.Ердің атын еңбек шығарады.

10.Еңбек ерлікке жеткізер,

11.Бақыт кілті еңбекте.

12.Еңбек өмірді ажарлайды.

13.Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

Ойын:    «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

Балалар Мамандықтарды Тек қана қалада немесе тек қана ауылда істелінетін қызмет түрлері болады. Сонымен бірге ауылда да қалада да істелінетін түрлері бар. Мысалы Малшы,диқаншы,фермерлік жұмыстар,мал дәрігері, малшы,шопан,жылқышы ,тракторшы, аңшы, ұста тек ауылда.Ал Инженер, тоқымашы,мәнерлеп сырғанаушы,т.б қалада.Мамандықтың көбі қала мен ауылда да бар. Кітапханашы, дүкенші,есепші, биші, әнші,жүргізуші,жөндеуші.

Ойын « Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс істейді?»Балаларға мамандықтардың суреттері беріледі. Олар Ауылда істелінетін мамандық болса ауылдың суреті тұсына,қалада болса қаланың суреті тұсына,ауыл мен қалада істелінетін болса сол сурет маңына барып тұрады.

 

 

 

Ойынға қатысады

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысады

 

Рефлексивті-

түзетушілік

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1.Мамандық адамға керек пе? (иә)

2. Әр мамандықтың ерекшелігі бар ма? (иә)

3. Дәрігер балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?)

4. Мұгалім адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді)

5. Наубайшы нан пісіре ме? (иә)

6. Жүргізуші машина жүргізе ме? (иә)

7. Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды)

8.Егінші егін екпейді? (жоқ,егеді)

9. Кітапханашы кітап бере ме? (иә)

10.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)

-Жақсы балалар!Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді?

— Ал балалар кім қанша жұлдызша  жинады екен,санап көрейік.Көп жеміс жиған бала бүгін белсеніп,жақсы баға алатын балалар!

— Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!

-Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды, жылулық шеңберімен қоштасайық!

Үйге  әр түрлі мамандықтар иелері бейнелері берілген суреттерді бояуға беремін. «Болайықшы осындай» әнімен оқу іс — әрекетіміз аяқталды

«Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ойларын айтады

Балалар жиған жұлдыз шалар  санын анықтайды.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Балалар шеңбер құрып,өлең жолдарын айтып қоштасады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керекБалалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Нені игердіСуретке қарап әңгіме құрауды меңгерді
Нені біледі:Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі