Суретті толықтырып сал

61

Тақырыбы: Суретті толықтырып сал

Мақсаты:      1.Аяқталмай қалған суретті, толықтырып салуды  үйрету.

  1. Суретті бояу,толықтыру арқылы балалардың түстерді ажырата білуін,логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Әдемі,суретті әдемі салуға,бояуға шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Машинаның,үйдің,үстелдің,шәйнектің аяқталмай қалған суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

— Машинаның,үйдің,үстелдің,шәйнектің аяқталмай қалған суреті.

-Балалар мына суретте не жетпей тұр?

-Ендеше аяқталмай қалған суретті аяқтаймыз

 

V Жаңа сабақ

-Бірінші ненің суреті?

-Машинаның қандай бөлігі жоқ?

-Дөңгелекті салу үшін қандай қарындаш керек?

-Ендеше дөңгелекті домалақ етіп толықтырамыз.

-Үйде не жетіспейді?

-Терезесін,есігін саламыз.

-Үстелдің аяғын саламыз.

-Шәйнектің тұтқасы жетпейді,соны саламыз.

 

VI Пысықтау

-Жүк машинасы не үшін керек?

-Адамға үй не үшін қажет?

-Шәйнек пен үстел  ше?

 

VII Бекіту

Оқушылардың шығармашылық жұмысы. Аяқталмай қалған суретті аяқтаймыз.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.