Заттарды санау

73

 

 Заттарды санау

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі : заттарды  рет-ретімен, түсімен, топтастыра санап үйрету.

ә) дамытушылығы:  балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін дамыту

б) тәрбиелігі: жауапкершілікке, шапшандылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  суреттер,есептер

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

1/ Балалармен амандасу.

2/ Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.

Тәрбиеші:

  • Балалар, бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
  • Балалар, сендер нешеге дейін санап үйрендіңдер ?
  • Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып 20-ға дейін санайық 1, 2, 3, 4, 5,6, …20 жақсы балалар. Бәріміз орнымызға отырамыз!
  • Ал енді 20-дан бастап кері санайық, мен кімнің атын атаймын, сол бала орнынан тұрып кері санауды бастайды.
  • ( ол баланы кез-келген жерден тоқтатамын , келесі бала әрі қарай жалғастырады )

Тәрбиеші:

  • Балалар, бүгін біз заттарды санаймыз.
  • Тақтаға назар аударайықшы, ненің суретін көріп отырсыңдар?

(заттарды санау)

 

  • Барлығы нешеу екен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10+1= 11     12+1=13

15-1=14        11+1=12

          16
           18
            13

Түсіп қалған санды көрсет.

 

Сергіту сәті:       

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды  көтерем,

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,солға қараймын

Аяқты топ-топ басамын.

Біраз сергіп аламын

Тапсырма

  • 1-ден бастап 20 санына дейін тура жазып шық.

Қорытынды:

  • Нешеге дейін санап үйрендік?
  • 20 саны үлкен бе, әлде 18 саны үлкен бе?
  • Сандар нешеден басталып жазылады?

 

Мадақтау, бағалау