Дәрігерге қонаққа барғанда

58

Тақырыбы: Дәрігерге қонаққа барғанда

Мақсаты: Күз мезгілі тура түсінік беру. Дәрігер туралы жұмбақ, өлең, сұрақтар арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге сөздік қорын дамытып есту қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

   Көрнекілік: Дәрігер бұрышы, күз мезгілінің суреттері.

Сабақ барысы: балалар бізге қонақтар келіп отыр, Қонақтармен амандасайық.

Балалар: Саламатсыздарма?

Тәрбиеші: Шеңберге тұрып бір-бірімізге қуанышымызды жеткізейік.

Балалар:     Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжеуді білмейміз

Қуанамың менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

( Қол шапалақтап «алақай» дейді)

Тәрбиеші: Балалар адамдардың көңілді, күліп жүруі неге байланысты.

Балалар: Денсаулыққа байланысты.

Тәрбиеші: Олай болса біз дәрігер апайға қонаққа барайық.

Балалар: (Дәрігер апаймен амандасады) саламатсызба?

  Дәрігер апай: Саламатсыздарма балалар.Жағдайларың қалай, еш жерлерің ауырмайма? Балалар дені сау адам бақытты адам. Олар қысы, жазы шынығады. Қыста шаңғы, коньки тепсе, жазда доп, асық, ақ серек-көк серек т.б. әр түрлі ойындар ойнайды.

Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін әр түрлі жаттығулар жасаймыз.Таза жуынып жүруіміз керек.Жемістерді, көкіністерді жуып жеуіміз керек.Әйтпесе әр түрлі мейкроп кіріп  ішіміз ауырады. Содан кейін бізді қайда апарады?

Балалар: Дәріханаға дәрігер апай, ағайларға апарады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Ауырып қалғасын бізді тыңдайды инемен шанышады.

Тосын сәт: Жолқаубек кіреді ( ішке кіріп аңтаң қалады).Мен сабаққа келдімба десем қайда кіріп кеттім. Сендер кімсіңдер?

Балалар: Бұл балабақша.Біз «Балдәурен» тобының бүлдіршіндеріміз.

Тәрбиеші: Жалқаубек сен адасып кеткенге үқсайсын.Сенің үстің кір-кір екен.Балалар осылай жүруге болады ма?

Балалар: Жоқ олай жүруге болмайды, таза жуынып жүру керек.

  Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын сендер Жалқаубекке көмектесіп шешуін табыңдар.

 

 

Ертемен күнде сенде

Бетіңді үйкесең

Кетіп кір ласың

Тап – таза боласың.Бұл не?

  Балалар: Сабын

Тәрбиеші:       Иілсең иіліп,

Түгілісең түгіліп

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіңе.Бұл не?

Балалар: Айна

Тәрбиеші:       Шошынған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолында

Сүртеді жолында.Бұл не?

Балалар: Сүлгі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Тазалық жайлы кім өлең оқиды.

Дәулет:    Іш ауырса тіс ауырса

Анам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала

Оны жақсы көреді.

Жалқаубек: Мен енді  таза жүремін, жуынып жүремін.Балалар сендермен дос болайыншы.

Тәрбиеші: Жалқаубек біздің балалар өте таза өте тәртіпті.Сен балалармен бірге ойна.

Қимылдық ойын: «Күн мен бұлт»

Тәрбиеші: Дәрігер апай бізге қандай кеңес берер екен.

Дәрігер апай: Балалар сендер өте таза жүруге, күн салқын болған кезде кейініп жүрулерің керек.Әр түрлі жаттығу жасаңдар.( Балаларды тыңдап, тексереді).

Тәрбиеші: Ал балалар Жалқаубекті сабағына шығарып салайық.

Қорытынды: Өте жақсы қатысып отырған балаларды жеке-жеке мадақтап қортындылау.