Г г әріпі және дыбысы.

89

Г г  әріпі   және дыбысы.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың өткен әріптерді еске түсіруін, жаңа сөздер ойлатып , сөйлемдер құрауын қадағалау және жаңа материалды ұғындыру

Сабақтың әдісі:       түсіндіре оза оқыту технологиясы
Сабақтың түрі:        ойын сабағы
Көрнекі құралдар:  тақта, суреттер, әріптер, слайдтар.

Өткен материалды еске түсіру:

Саяхатшы Дара күнделікті әдеті бойынша үйінен шықты (Ү) әріпі. Ол қайда бару керек екенін ойластырды.

Оңға жүрейін десе ысылдаған жыландар бар (Ж) әріпі,

Солға жүрейін десе бақылдаған бақалар бар (Б) әріпі,

Жоғары жүрейін десе ыңылдаған аралар бар (А) әріпі,

Сөйтіп тұрғанда төменгі жақтан мұрнына аңқыған жұпар иіс келеді. Соны білгісі келіп Гүлдер саябағына қарай жол жүреді. Жолында көптеген кедергілерге тап болады. 1 –кедергі ЖҰМБАҚ

ЖҰПАР ИІСІ ЕСЕДІ

ЖАЙНАП БАҚТА ӨСЕДІ

ҚАЙ ӘРІПТЕН БАСТАЛҒАН

АТЫ НЕ, КІМ ШЕШЕДІ?

Г г   әріпі, ол ұяң дауыссыз дыбыс

Г – гүл, галош, галстук, гармон. Кәне балалар осы айтылған заттарға сөйлем құрайықшы

Мен аулаға гүл өсірдім. Әжем галош сатып алды. Дүкенде әртүрлі галстуктер бар.т.б.

Ал енді балалар, сауат ашу дәптерінен Г г әріпін ашып, толтырамыз.

Мынау Г г әрпінің таспа тұрі, ал жазба түрі қалай жазылады, білесіңдер ме?  Жарайсыңдар, қандай ақылды балалар едіңдер!

Келесі кедергі буындардан сөз құра

  • Г –үл —————гүл
  • К –үн——————-күн
  • А – та——————ата
  • Ә – же——————әже
  • К – өз——————көз
  • Қ – аз—————-қаз
  • И – не———————-ине

Ә – ке—————————әке

Ендігі кезекте Суретті   сөзжұмбақ

 

 

Ал енді балалар шаршаған боларсыңдар келесі кезекте                              Сергіту жаттығуы

Кәне қанат жазайық

Қарлығаш болып ұшайық

Ұшып-ұшып алған соң,

Орнымызға қонайық

Шатыспақ ойыны (мұнда орны ауысқан әріптерді дұрыс орналастыру керек)

УС  ————-су                          ҮНК———————күн

ЙА  —————ай                         УАА—————————ауа

УА   ———————ау                         РҚА  —————————-қар

ТИ  ——————-ит                         ЗӨК———————————көз

ҮЛГ   ——————гүл                     ДПО —————————доп

Жаттап алайық

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек

Сонымен балалар саяхатшы Дара сендердің көмектерің арқылды Гүлдер саябағына жетті. Мұндағы жұпар иіс гүлдердің иісі екен. Рахмет сендерге, балалар. Сау болыңдар!