Алтын күз

173

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,

                                          Алтын күздің ерекшеліктері туралы

                                          әңгімелеу.  Суреттер бойынша әңгіме

                                          құрастыру арқылы балалардың тіл

                                          байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық

                                          жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геомет-

                                       риялық пішіндер, жеміс-көкөністер,

                                       үнтаспа.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,

                             сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы: — Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп

                                  қалыпты.Олай болса, барлығымыз

                                  орнымыздан тұрып амандасайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн туды,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

 

 

— Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

                                        -Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)

Ғажайып сәт: — Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып  «Алтын күз» кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз»  келіп қалыпты.

-«Алтын күз»: — Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

— Күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

  • Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

  Сергіту сәті:              Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-« Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?

« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді

                         мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,

                          тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!

  • Сау болыңыз!
  • Балалар, сендерге « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

 

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.