Жаңа жыл құтты болсын! (Ертеңгілік)

73

Жаңа жыл құтты болсын! (Ертеңгілік)

Әсем безендірілген бөлмеге балалар кіріп орналасады.

                                                     1-бала  Жаңа жылды бар тілде

Жаңа жыылға балайды

Жаңа жылға әр кімде

Жақсы үмітпен  қарайды.

                                                    2-бала : Жоламасын елге мұң

Жаңғырып кел жаңа жыл

Бар жақсылық бақытты

Жандырып кел жаңа жыл!

                                                    3-бала: Қуандырып біздерді

Нұрланып кел жаңа жыл

Жаңа жылда шаттықпен

Шырқатайық жаңа жыр!

Бәрі: Құтты болсын жаңа жыл

 

Жүргізуші: Даланың да қаланың

Думандатып отбасын

Тағы міне жаңа жыл

Қақты әр үйдің қақпасын

Кел жаңа жыл,жаңа жыл

Далама ,қалама,жеріме

Жаңалықтармен жағымды

Шыға ғой әлем төріне!

Құрметті ата-аналар,балалар,барша қонақтар! Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2014————

Жылы құтты болсын!Бақыт,байлық,денсаулық,көп,көп жақсылық ала келсін!

Ән : «Кел жаңа жыл,жаңа жыл!»

 

 

 

Тәрбиеші: Тыныш балалар,тоқтаңдар

Құлақ салып тыңдаңдар

Сықырлатып ақ қарды

Тез ақ біреу кеп қалды?!

Кім болды екен ,қарайықшы

(музыкамен ақша қар кіреді.)

Ақшақар:Сәлем,сәлем балалар

Барша ата-аналар

Келіп қалды мінекей,

Қар ханшасы- Ақшақар!

                                              Балалар:Сәлеметсіз бе,Ақшақар!

Ақшақар:Қандай әсем шыршамыз

Әдемісіздер баршаңыз

«Шырша жырын шырқайық

Басталсын думан ,той аңыз!

Ән: «Зырлайды шанамыз»

                                             4-бала: Ертегідей бір нағыз

Жайнасын деп шыршамыз

Ойыншықты көп ілдік

Қарашы өзің Қарша қыз

Ақшақар:Көрдім әсем жайнап тұр

Сиқырлы оттар ойнап тұр

Бірақ білгім келеді-Ілдіңдер оған нелерді?

Кәмпитпен  безендірдіңдер ме?

                                           Балалар: Жоқ!(Бастарын шайқап  топылдатады)

Ақшақар:Ойыншық қоян ілдіңдерме?

                                          Балалар:Ия!Бастарын изеп қол шапалақтайды)

Ақшақар: Сақина,моншақ тақтыңдар ма?

                                         Балалар: (Бастарын шайқап,аяқтарын топылдатады)

Ақшақар:Әлде түрлі түсті от жақтыңдар ма?

                                        Балалар : Ия!(бастарын изеп, қол шапалақтайды)

Ақшақар:Іліпсіңдер және де

Көп ойыншық аққала

Сиқырлайын оларды

Билеп берсін ортада!(Сиқырлайды)

Би: «Ақшақарлар биі»

                                                5-бала:Тойлаудамыз шаттанып

Кешіміз кетті басталып

Аяз ата бірақ әлі жоқ

Қарақшыға қалмады  ма ұсталып?!

Ақшақар:Шанасын баптап  сайланып

Сыйлығын қамдай ойланып

Бағана-ақ  жолға шыққан ед(і)

Таба алмай жүр ме айналып?!

Шақырайықшы дауыстап!

                                                         Балалар:Аяз ата!

2-бөлім

(Музыка ойланып, 2 мыстан сыпырғышпен ұшып кіреді)

1-мыстан: Сыпырғышқа мініп ап

Келіп қалдық біз лезде

Мыстан дейді біздерді

Білмесең де,білсең де

2-мыстан:Ұзын мұрын, қалың қас

Біздей сұлу табылмас

Сиқырлау да білеміз

Қорықсаңдар әрі қаш!

1-мыстпан:Фу! Жап-жаман боп киініп алып

Неғып отырсаңдар мұнда жиылып алып?!

Тәрбиеші:Айнала жар салып

Би де  билеп, ән салып

Күтудеміз жаңа жылды

Алмаққа бірге қарсы алып

2-мыстан:Болды,болды, тоқтаңдар,

Дереу қане, тарқаңдар!

Той, думан деген болмайды!

 

                                                6-бала: Күтеміз Аяз атаны

Күтеміз жаңа жылды да

Қуаныш силап баршаға

Ән арнаймыз баршаға !

   Ән «Жаңа жыл-той тамаша!»

2-мыстан: Қара тіпті өздерін

Далаға кетті  ме сөздерім?!

Жоғалмасаңдар тез енді-Сиқырлаймын сендерді!

(музыкамен балаларға тап беріп,сиқырлай бастайды)

1-мыстан: Мұның ақыл сөз екен

Ойлануға лайық

Кел онда екеуміз

Бірге сиқырлайық!

Екеуі бірге: Фирдоне,фани,қош,

Шыршаның шамы өш!

(шыршаның шамы өшіп қалады)

Тәрбиеші: Қап,Енді қайттік,балалар?!

Не амал бар,Ақшақар?

Ақшақар:Меніңше жалғыз амал бар

Музыка қосып табанда

Мыстандарды шақырайық

Би билеуге алаңға!

Көңілденіп сонда мүмкін

Шыршаны жағуға көніп қалар

Болмаса бір би біткенше

Аяз ата да келіп қалар

 

Тәрбиеші :Дереу онда шақырайық

Музыка қосылсын биге лайық!

                                                                 5-бала: Ал,мыстан  әжелер

Сиқырлағанда жарайсыздар

Би билеп бізбенен,  Жарысуға қалайсыздар?

1-мыстан:Би билеу деген сөзбе екен?!

Сұрағанға іздеген

Жасында бәйге бермеген

Бишіміз ғой біз деген!

Би:»Матрешкалар биі»

(Бидің соңын ала Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Ау,балалар аман ба?

Мына бейбіт заманда,

Жаңғыртып жақын бар маңды

Қыздырыңдар думанды

                                                     Балалар:Армысыз,Аяз ата!

Аяз ата:Бар болыңдар,балалар!

Қыздырып тойды әнге сал!

                                                    7-бала:Аяз ата,тыңдаңыз

Айтпауға әсте болмай тұр

Шырайлы сұлу шыршаның

Шамдары мүлде жанбай тұр

Аяз ата:Қиналмаңдар,кел,қалыспай

Үн қатайық біз дауыстай:

                                                  Балалар:Қуант шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Ақшақар:Еш өзгеріс болмайды,

Шырша шамы жанбады

Аяз ата:Сиқыр сөзді әлгінде

Айттыңдар ма бәрің де?!

                                                Балалар:Ия!

Аяз ата:Қане, тағы қайталайықшы,

Бәріміз қалмай айтайықшы

                                               Балалар:Қуант шырша, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

(Шырша жанбайды)

Аяз ата:Бұл не сиқыр, жұмбақ сыр

Шырша неғып жанбай  тұр?

(Ойланып шыршаны  айналып жүр)

Аяз ата:Ә! Мұнда мыстандар бар екен ғой

Бар беле солардан келген екен ғой

1-мыстан:Аяз ата,балалар

Кешіріңдер біздерді

Қателігімізді түсіндік

Түзелеміз біз енді.

2-Мыстан:Шыршаны қайта сиқырлап

Шамдарын қайта жағымыз

Жаман әдеттен арылып

Жақсы  әже боламыз.(сиқырлайды)

Аяз ата:Қане, қайта еш қаалыспай

Шамдарыңды жарқырат!

(Шырша шамы жанады)

Балалар: Алақай!

Тәрбиеші:Таң  қалдырып тәмам жұртты

Думанды той жалғассын

Мәнерлі ой, өлең,тақпақ

Ән мен биге ұлассын!

Ән «Аяз ата»

Аяз ата:Шырқалған мына мен жайлы

Ұнады әсем әндерің

Қыс айына арналған

Тақпақтарың бар ма еді?

Балалар:Әрине!

8-бала:Аспанды бұлт тмшалап

Жер ақ тонын киеді

Шұнақ аяз шымшылап

Ақ бетіңнен сүйеді

9-бала:Ақ қыс келіп ән құрды

Тау,далаға жараса

Әйнектердің сан түрлі

Әшекейі тамаша!

 

                                                 10-бала:Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

 

 

                                           Жеке  ән: «Аяз ата-Ақша қар»

 

                                              11-бала:Айналаны қар басқан

Суықта біз тоңбастан

Асыр салып ойнаймыз

Суыққа еш тоңбастан

 

                                              12-бала:Жарқырайды мұз айдын

Жалтырайды мұз айдын

Мұз айдында  конькимен

Әрі-бері зулайды

13-бала:Мейлі күн суытсын

Зырлайды шанамыз

Аяз не біз үшін

Шыныққан баламыз

                                          14-бала:Аулаға да,баққа да

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып

Ән айтамыз шаттана

  Жеке ән:

 Тәрбиеші:Ақ мамыққа ораған

Мынау байтақ даланы

Ұлпақарлар қалайша

Би билемей қалады

Ұлпақарлар қалықта

Қалықтаудан жалықпа

Асау желмен айналып

Өнер көрсет халыққа!

Би: «Аяз аталар» биі

                                                15-бала:Жаңа жылдың думаны

Қызығына тоймайық

Аяз ата сізбенен

«Тығылмақ» ойынын ойнайық

Аяз ата : Жарайды!

                                              16-бала:Алдымен онда сіз бастап

Көзіңізді жұмыңыз

Біз тығылып болғанша

Қимылдамай тұрыңыз

Аяз ата: Тығылыңдар тезірек

Беске дейін санаймын

Келістікпе?

                                              Балалар: Келістік

Аяз ата:1 2 3 4 5

Тығылыңдар тез!

(Көзін ашып,балаларды іздеп таппайды.Балалар Аяз атаның дәл артында тізбектеліп тұрады)

Аяз ата:Ау, балалар қайда бұл?

(Артына қарап баларды көріп кояды)

Аяз ата ; Ә, қулар – ай , қулар –ай !

Аяз атаны да алдай ма ?

Айналдырайын сендерді

Қатып тұрған мұзға !

                                      17 –бала :Ренжімеңіз ата әзілге

Жадыратамыз сізді  қазір біз

Тақпақ айтып әлі де

Ән салуға әзірміз .

Жеке ән « ……………………………………………»

                                   18- бала : Жасыл шырша төрдегі

Дейді: «Бәрің көр мені !»

Кеткен әсіп құлпырып

Ойыншықтар тұр тұнып

                                 19 – бала : Түрлі – түсті  шамдары

Түнде ғажап жанғаны

Көргендерді елдеті

Керемет ертегі

(Ортағы  музыкамен барыс жылы  мен  қоян жылы  шығады )

?- жылы : Сағат тілі сыртылдап

12 – ні соғыпты

Менің де міне қотасар

Уақытым болыпты

Биылғы жыл жыланның

Кезегі келіп қалыпты

Қош келіпсің жылқы

Сыйла мені елім е

Көп жақсылық , бақ жылқы- !

Жылқы жылы : Жылан- жылы – аға жыл

Үмітіңді ақтаймын

Мамыражай елімнің

Тыныштығын сақтаймын

Қуандырар бұл жылы

Бар жақсылық болады

Еліме мәңді мекендеп

Бақыт құсы қонады

Аяз ата: Айтқаның келсін, ?-

(Осы кезде бір мыстан  айқайлай жіререді)

1-Мыстан: Алақай!

Аяз ата:Ау мыстан-ау, не болды?

1-мыстан:Кәмпит көрдім шыршадан

Тимеңдер бірақ,мен алам!

2-мыстан:Жоқ! мен алам  кәмпитті

Дәмі оның кәп-тәтті!

1-мыстан:Мен алам, менікі

2-мыстан:Жоқ,бермеймін,менікі!

Аяз ата:Сабыр2  мыстандар

Таласпаңдар, тыңдаңдар!

Сиқырлаймын кәмпитті

Міне, мұнда қараңдар!

(Кәмпитті  шырша түбіндегі  қар үйіндесіне көміп сиқырлайды. Қайта  ашқанда үлкен  кәмпит шығады)

Тәрбиеші:Міне, кәмпит! «Алақайлап!»

Лап  қойыңдар балақайлар!

(Кәмпит ішінен сыйлықтар алынып таратылады)

Тәрбиеші:Жаңа жылдың әрбір таңы баршамызды тек жақсы жаңалығымен қуантсын! Төрлет,2011жыл!

 

(Музыкамен  балалар шығып кетеді)