Г г дыбысы мен әрпі.

Оңтүстік қазақстан облысы Отырар ауданының Қоғам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр

 

Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».

Білім бөлімі: Сауат ашу.

 

Мақсаты: Білімділік: Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген

дыбыстарды  қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың

ерекшеліктерін еске түсіру,

                   Дамытушылық: Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол

қимылын жаттықтыру.

Тәрбиелік: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, қима

қағаздар, ребустар, көк, қызыл түсті дөңгелектер,

интерактивті  тақта.

 

Әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап ойын.

 

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің қызметіБалалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы қозғаушы

1-мин

«Шаттық шеңбері»

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар қонақтармен амандасады.
Ізденуші – ұйымдастырушы.Өткенді еске түсіру.

Балаларға дөңгелекшелер тарқатып, дыбыстарды  атау.Балалар айтылған дыбысқа сай дөңгелекшені көрсетеді.

«Ғажайып сәт» ұйымдастыру

Тапқышбек бізге қонаққа келді, ол жай келмепті бізге бірнеше тапсырмалар ала келіпті деп,

1-тапсырмасымен таныстыру.

1-тапсырма

Жұмбақ жасыру

—         Аналарға сыйлайтын,

—         Аралар бал жинайтын.

—         Үзуге адам қимайтын,

—         Бұл не?

—         Қане, балалар, гүл деп айтайықшы!

—         Гүл сөзі қандай дыбыстан басталған?

—         Г дыбысын айтайықшы?

 

—         Қалай айтылып тұр?

 

—         Олай болса, Г – қандай дыбыс?

Дұрыс, оны қай түспен         белгілейміз.

 

 

— Өте жақсы! Г дыбысы сөз басында, сөз ортасында кездеседі. Мысалы: Буынға бөлгізу

Гүл – 1 буын, 3 дыбыс

шеге – 2 буын, 4 дыбыс.

кенгуру – 3 буын, 7 дыбыс

 

2-тапсырма

«Әдемі етіп жазамыз!»

Г әрпімен таныстыру

1. алгоритмімен танысыру

2. ауада жазғызу

3. дәптерге жазғызу Гг

 

3-тапсырма

«Сергіту сәті»

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

 

4-тапсырма

«Оқимыз, ойлаймыз!»

гү-гү-гү – қызыл гүл

ге-ге-ге – қисық шеге

гі-гі-гі – жинаймыз егін.

 

5-тапсырма

«Қай әріпті жоғалттым?»

Шарты: Балаларға суреті бар қима қағаздар тарқатылып сурет атауындағы қай әріп жоқ екенін тапқызу

 

6-тапсырма

Ребус шешу

 

 

Мысалы:

А-қызыл,

Д-көк,

О- қызыл,т.б

 

 

 

Балалар Тапқышбекпен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

—         Гүл

 

—         Гүл-гүл-гүл

 

—         Г дыбысынан

—         Г-г-г

 

—         Қысқа

 

—         Дауыссыз

 

 

—         Көк

 

 

 

 

 

 

Сөз басында

Ортасында

Ортасында

 

 

 

 

Г г әрпін жазады, Ғ ғ әрпіне ұқсайтынын айтады.

 

 

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

Буындарды оқиды, сөз ойлайды.

 

 

 

 

Балалар өз беттерінше орындайды.

 

 

 

 

Гүлнұр,

Гүлсім,

Айгүл

 

 

 

 

Жетекші – жөндеушіҚорытынды:

Тақтадан

Тапқышбектің сөзін оқыту.   Мақтап-мадақтау

«Рахмет» сөзін оқиды

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Өтілген

дыбыстарды есте сақтай білу.

Қалыптасқан түсінік: Сөз ойлау, жұмбақ шешу, ребус шешу.

 

Орындаушылық қабілеті: Әріпті таза, үлгіге қарап жазу.