«Әлемнің сиқырлы кітабы»

71

 

Білім беру салалары:  Шығармашылық

Бөлімдері:  Сурет салу

Тақырыбы: «Әлемнің сиқырлы кітабы»

Мақсаты:

Білімдік: Балаларды дәстүрден тыс сурет салу техникасы «қағазды умаждап, саусақпен салуды» таныстыру.Табиғат көрінісімен таныстыру. Қол , саусақ маторикаларын дамыту және бала тілін дамытып ойын арқылы  дыбыстарын жетілдіру. Қарындашты (қылқаламды) қатты баспауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Әлемнің сырын сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.

Тәрбиелік: Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге  үйрету.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет қиындылары, сіріңке, бояу, сүлгі, ақ қағаз.

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті,түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, көрсету,модульдік, қағазды умаждау арқылы саусақпен сурет салу.

 

 

 

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Балалар бізге бүгін қонақ апайлар келіп отыр, қане салемдесіп алайық!

-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық.

Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.

 

Проблемалық жағдай орнату

-Балалар қараңдаршы мына жерде бір сандық тұр.  Мистер Джонның сандығы.

Мистр Джонның Сиқырлы сандық жұмбағын шешіп көреміз бе?

 

Мистер Джонның Жұмбағын шешу, сандықтан кітапты алып тапсырмаларын орындау.

 

 

 

 

-Сәлеметсіздерме?

 

 

Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлайды

 

 

Балалар назарларын сандыққа аударады

 

Иә  шешіп көреміз

 

Балалар жұмбақты шешіп сандықтың тапсырмаларын шешеді

 

 

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

1 бет. Күз суреті жұмбағын шешіп корелік

2 бет. Апельсин мен лимондар тапсырмасы.

3 бет. Мерекелік отшашудың тапсырмасын орындау.

Жапырақтың суретін салу

Сергіту сәті «Сылақшы»

4 бет Қандай заттың пішіні шаршы болады?

5 бет « Балықтар аквариумда жүзеді»

6 бет Кішкентай шырша тоңып қалды қыста

Жұмбақ жауабын шешу

7 бет Күн сәулелерінің ұсынысы

«Шуақты күн» суретін бояу

8 бет Әдемі құс тапсырмасы

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

9 бет Не домалақ пішінді болады?

 

 

Балалар Күз суреті жұмбағын шешеді

Апельсин мен лимондардың тапсырмасын шешеді

Мерекелік отшашудың

тапсырмасын орын-

дайды, жапырақтың

суретін салады

«Сылақшы» жаттығуын жасайды

шаршы пішінді затты атайды, балықтардың түстерін ажыратады

Шыршаның жұмбағын шешеді

Күннің суретін салады

Әдемі құс тапсырмасын орындайды

 

Домалақ пішінді затты атайды.

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

12 бет

Үй тапсырмасы  “Сүйікті ойыншық”  (суретін салу)

Балаларды мадақтау, бағалау, сабақты қорытындылау.

Балалар салған суреттерін тапсырады, тәрбиешінің қорытынды сөзін тыңдайды.

 

Күтілетін нәтиже:
Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге  үйренді. Қол , саусақ маторикаларын дамыта  алды. Ойын арқылы  дыбыстыры  жетіледі, ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілігі дамыды.

Білу тиіс:

Бірлесіп жұмыс жасауды білуі тиіс. Қағазды умаждау арқылы сурет салуды білуі тиіс.