Жаса, ҚАЗАҚСТАН!

60

Тақырыбы: Жаса, ҚАЗАҚСТАН!

 

Мақсаты:  Болашағымызды жалғастырушы ұрпақтардың бойынша

Отансүйгіштік  сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, мемлекеттік нышандарымыздың мазмұны мен манызы жан-жақты ашып түсіндіру  арқылы оларды құрметтеп, қадірлеу білуге тәрбиелеу.

Көрнеккіліктер:   1. Мемелекеттік Ту, Елтаңба суреттері.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның тексті туралы заң.
  2. Шәмші Қалдыаяқов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,

 

Жұмекен Нәжімедиев, Жамал Омарова.

  1. Тудың жобасын жасаған Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
  2. Елтаңба Жандарбек Мәдібекұлы, Шота- Аман  Уалиханов.

Астана суреттері, қазақстан картасы, гүлдер.

Үн таспа

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы “ Жаса, Қазақстан!”

— Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика?  Еліміздің президенті, Елбасы кім?

— Біз қай ұлтпыз?

өлең   “Мен қазақпын”

Ән “ Жаса, қазақстан!”

— Отанымыздың астанасы қай қала?

өлең   “ Астана”

ән  “Ару қала астана”

Отан

Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

 

Кенге толы   қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол- біздің Қазақстан!

 

Анамыздың тілеуі-ақ

Отан бізде біреу-ақ

Ол- біздің Қазақстан!

 

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрге әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым- Ата Заңым  қабылданып.

 

Отаным — өзегім сен,

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан

Нәр алдым өзініңнен

Сен үшін өмірді жаңарта алам,

Сен үшін өмірді жалғап қалам

Жаса алға, Қазақстан!

Ән     “ОТАН”

— Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі қашан жарияланды?

— Қазақстан Республикасының рәміздері деген не?

Мұғалім:

— Мемлекеттік  туға арналған байқауға   600-ден астам жоба түскен еді. Соның ішінде Шәкен  Ниязбеков салған тудың жобасы қабылданды.

— Балалар туда не бейнеленген?

Мұғалім:

Ту туралы  қысқаша әңгімелеу.

Ту туралы тақпақтар.

 

Туға мойын бұрамыз

Елтаңба деп тұрамыз

Әнұран боп асқақтар

Біздің елдік рәміз.

 

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

 

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді дала ма

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

 

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай

Мұғалім:

Елтаңба елдіктін белгісі. Елтаңбаға қарап оның қандай ел, қандай мемлекет екенін білуге болады.

— Елтаңбада не бейнеленген?

Елтаңба туралы  әңгімелеу.

Елтаңба

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

 

Бабам тұпар жаратты

Құлынында танып-ақ

Тұлпар бар да қанатты

Шайқалмайды шаңырақ

 

Тәуелсіздік көркі ол да

Өркениет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орда төрінде

Мұғалім:  Мемлекеттіміздің айшықты бір нышаны Қапзақстан Республикасының  Мемлекетік әнұраны

Әнұранның шығу тарихы туралы әңгімелеу.

ӘНҰРАН

Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

 

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды

 

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты

Бәрімізді мәз қылып

Жаңғыртады аймақты

 

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраным

Әнұранды орындау.

— Тәуелсіздіктің 20 жылдығына, гүлденген  Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?

— Жақсы оқу. Үлгілі тәртіп. Үлкенді сыйлау, кішіге құрмет. Талмай іздену, талаптану.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

 

Қазақстан елінде

Тәуелсіздік таң атты

20 жылдық мерей күнін

Ел болып біз тойладық.

 

— Балалар Қазақстан картасына, тілектерімізді айтып, гүлдерімізді жапсырайық.

Тәрбие сағатына белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.

Рахмет !