Менің Отаным — Қазақстан.

353

 

Тақырыбы:  Менің Отаным — Қазақстан.

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация, глобус.

Сабақ барысы: Сабақ еліміздің  әнұранымен басталады.

Тәрбиеші:  Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

Тәрбиеші:-Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

Балалар: -Дөңгелек шарға!

Тәрбиеші:-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

Балалар: Мұхиттар, көлдер, өзендер.

Тәрбиеші:-Ал сары түс ше?

Балалар:-Мемлекеттер мен елдер!

Тәрбиеші:-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?

Балалар:-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.

Тәрбиеші:-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

Балалар:-Қазақстан!

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз!   Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық.  Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,  жері кең,  байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.  Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?

(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)

Тәрбиеші: Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан  туралы  тақпақтарды айтып еске түсірейік.

 

1.Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.

2.Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

  1. Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

  1. 4. Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім

Күн сәулелі, Қазақстан!

5.Абай туған, Сәкен туған

Кұрметте,  досым, Қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық кұйған

Қазақстан –Республикам менің!

ТәрбиешіБалалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

« Отан –елдің анасы».

« Отан – оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан  басталады».

« Жері байдың елі бай».   т.б.

ТәрбиешіЖарайсыңдар, балалар.   Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету)

(Балалар жауабы)

Тақпақ: 

Астана – арман қала

Астана – сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Тәрбиеші: -Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

 

Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші сөзі: Елбасы жайында қысқаша мәлмет беру.(елбасы жайында тақпақ айту)

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Тәрбиеші: Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: —Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші:  -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)

 

«Біздің ту»

1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»

 

 

 

«Елтаңба»

2.Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

 

«Әнұран»

3.Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

 

Дидактикалық ойын: «Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап»

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?  (балалар жауабы: мемлекеттік тіл – қазақ тілі).

Тақпақтар:

  1. Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз,

Қазақстан – жан Отан

Қазақ тілі – тіліміз!

  1. Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған еліме.

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме.

 

Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

 

Тәрбиеші:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Балалар:  — Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.

Тақпақ: 

1 Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан

Барлық  ұлттын баласы

Достығымыз жарасқан.

Тәрбиеші:  Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар. (Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, карта ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)

Қорытынды:Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуміз керек? (Балалардың жауабы)

Ендеші өзімідің тобымыздағы Аяжанның өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.

Тақпақ:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!