Дәстүрлі шешендік өнерінің шағын орталық тобында алатын орны.

71

Тақырыбы: Дәстүрлі шешендік өнерінің шағын орталық тобында алатын орны.

Шағын орталық тобындағы оқу мен тәрбие дегеніміз – бірімен-бірі байланысқан, бірін-бірі сабақтастырып, толықтырып отыратын қос әрекет. Баланың өмірдегі іс-әрекетін нығайту мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі. Өйткені тәрбие жұмысын баланың қалауына орай жеке басының жетілуіне, көңіл-күй толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана іс жүзеге аспақ. Неге десеңіз, қазіргі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесін қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жжатқан тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне үйрете отырап баулу.

Мақсаты: баланың өмір танымын, ақыл-ойын, эстетикалық талғамын оятып, сөз сырына үңілуге, тақпақ ,ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш айту қаблетін дамыту, айналадағы табиғи ортаға, оның ір түрлі құбылыстарына көзқарасын орнықтыру, тілін, дербес қасиеттерін жетілдіру, жеке басын қалыптастыру.

Халқымыздың өткен дәуірінде елі, жері үшін, халық қамы үшін қара қылды қақ жарып әділ билік айтқан билер, шешендер аз болмаған. “ Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ ”  деген қағиданы олар мықтап ұстанды. Би-шешендер тек қана қазақ халқына тән құбылыс. Сондықтан оған айрықша мән беруіміз керек. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған. Қазақ қашанда “Сөз тапқанға қолқа жоқ” деп орынды айтылған сөзге тоқтаған, бәтуаға келген. “Өнер алды –қызыл тіл” дей отырып, өнегелі сөздерді жаттаған. “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деп өзіне ажал төніп тұрғанда да, қас жауына айтатын қаймықпай, қорықпай айта білген. Халық түсінігінде шешеннің сөзі қыныптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы әрі көркем болуға тиіс.

“Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем” дегенмен, шешендікте үлкен талғам болатыны аңғарылады. Халқымызда ертеде от ауызды, орақ тілді, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешпек не бір сұңғыла шешендер, аузы дуалы айтқыштар ақ болмаған…

Оттылық та бар,

Тектілік те бар тілімде.

Шешендік те бар,

Көсемдік те бар тілімде!,-

деп ақынның жырлауы тегін емес.

Міне, осы орайда мен әрбір сабақта, әрбір тәрбиелік шарада шешендік сөздерді ұғындыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер топтамасын үнемі қолданамын және оларды әріптестерінің назарларына ұсынамын.

  • Шешендік сөздердің топтамасы
    • санамақ
    • Ырым-тыиым
    • Халық болжамдары
    • тақпақ
    • мақал-мәтел
    • жаңылтпаш
    • ойын
    • жұмбақ
    • айтыс
    • шешендік сөздер шеруі

        Мұндай әдіс-тәсілдер төмендегідей жұмыс түрлерінде көрініс тапты. Бір ғана мысал, “Ана тілім — арым” атты тіл апталығының өту жүйесі.

 

 

 

 

 

Мектеп – қашан да дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Балаға білім беру негізгі мектепте қаланса, Шағын топтан басталады.

Абай атамыз:“Бала неғұрлым көп естіп, көп көрсе соғұрлым көп біледі деген сөз. Көз көруге тоймайды. “Көрмегенге көсеу таң” дегендей, көрмей білмейсің, көз көрмей сенбейсің. Бірақ көз көрмеген жерге сөз жеткізеді. Ол үшін біреуге қыздырып айт, жылатып айт, күлдіріп айт! Жел ессін, дария шалқысын, ой аунақшысын. Қанжардай қадап, оқтай тесіп, шындықты айт. Сөз – ойдың айнасы, құлақ – сөз анасы”-, деген.

Қазақ халқының бізге егеменді мемлекет еліне дейін сақталған, бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын, озық үлгі-өнегелі, бай рухани мұралары төңірегінде ой толғап, халықтың дүниетаным,  халықтық зердені көрсете отырып, ата-бабамыздың бала тәрбиелеудегі сан ғасырлық тарихы мен тұрмыс тіршілігіндегі игі тәжірибесін насихаттаудағы мақсатым – бүгінгі тәрбиеленушілердің  ұлттық қазынаны білуге деген қызығушылығын арттыру.

Нәтижем:

1.Бүгінгі тәрбиеленушілерімнің ұлттық қазынаны білуге деген қызығыушылығы артты.

2.Бойларына имандылық , ізеттілік, эстетикалық тәлім-тәрбие  қалыптасты.