СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ

99

СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ

 

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: Әкем, шешем және мен

(Отбасылық  спорттық  мереке)

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.

Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.

“Балбөбек” тобы :

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз  біріміз  үшін,

“Айгөлек” тобы:

Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

“Ат жарысқа” кезек берелік.

Шарты:

Әр топтан әкесі «атқа» мініп шауып «өзеннен» жүзіп өтіп, «тау» басында тұрған ананы «үңгір» астынан өткізіп, алып шығып, «өзеннен» бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

“Тез адымда” сайысы.

Шарты:

Қолдан тігілген бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен — себеттке доптар тасу.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

“Кім епті” сайысы .

Шарты:

А) «Үңгір» астынан өту.

Ә) Жіппен секіру.

Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

“Балық аулау” сайысы.

Шарты:

Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.

Жүргізуші:

Жарқын, шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

(Қортындылау,  мадақтау).