ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Мақсаты:

Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.

Ойын барысы:

Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.

«Киіз үй» қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.

Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:

«Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады».

Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.

«Нысанаға түс»- «Таяқ-тастау», «Балапандар», «Арқан тарту» ойын-аттаркционы.

Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.

Эстафеталар:

  1. «Күміс алу». «Сөре сызығын белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай,  иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады.  Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.
  2. «Бәйге» (атжарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші — ат – қолдарын артқа – төмен созады да, екіншісі — салтатшы — оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.
  3. Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.