Амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Жақшалар

61

Пән: математика

Тақырыбы: «Амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Жақшалар»

Мақсаты: 1. Жақшалы өрнектердің шығарылу тәртібін пысықтау, жақшалы өрнектер алдымен орындалады ережесін бекіту, топтық, жұптық және жекелеген тапсырмалар орындау;

  1. Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.
  2. Оқушыларға патриоттық және адамгаршілік тәрбие беру.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың типі: интеграциялық, ойын сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, Қазақстан қалаларынан көрініс (слайд), ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жүрек жылуын беру (журекке тілек айтып,сыныптағы ұнаған адамға беру)

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

(Кенет есік қағылып, біреу сыр сандық тастап кетеді)

-Балалар мына сыр сандық ашылмайды оны қалай ашамыз?

Экранға кітап оқыған оқушының суреті шығады.Оқушылар бұл Қартқожа екенін айтады.

Балалар, Қартқожа сендерге көмекке келіпті, ол сыр сандық тек жұмбақ сөзді тапсақ қана ашылатыны жайлы айтты.

— Балалар кілт сөзді саяхатқа шығып табамыз.(Поездің дыбысы шығады)

Қартқожа бізге поезд дайындап қойыпты. Ендеше орнымызды табайық.

  1. Өткенді қайталау

Ауызша есептеу.

-Балалар сендердің алдыларыңда билеттер жатыр, өрнектің  мәніне сәйкес вагонға отырыңдар.(Орныңды тап ойыны)

21-20

10-9

41-40

61-60

10-8

4-2

42-40

32-30

8-6

33-30

1+2

43-40

53-50

14-10

84-80

3+1

74-70

(Мұғалім билеттер бойынша оқушылардың дұрыс отырғанын тексеру керек)

Балалар, орнымызға жайғассақ келесі баратын қалаларымыздың қозғалыс бағытын табайық.. Қай топ қозғалыс бағытын бірінші табады екен.

(Кім жылдам? ойыны)

Алматы

(11-10)

 

4

Атырау

(23-20)

 

5

Түркістан

(10-8)

1 Көкшетау

(10-6)

3 Астана

(45-40)

2

 

Көркем жазу жолы.

— Балалар Ендеше алматы қаласына жетенше дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық.

— Балалар сонымен Алматы қаламызға да жеттік (Экраннан Алматы қаласының әдемі ғимараттары шығады, Кенеттен «Шибұт, Қарынбас, Қылмойын» ертегісінің кейіпкерлері шығады.)Олар кілт сөздің жартысын оңайлықпен бергілері келмейді.

-Балалар ертегіде үшеуі не істемекші болды?(Тоқтыны ұрлап, жемекші болды)

Тапсырмасы: Жайлаудағы тоқтыларды жинап беру.

(Ойын «Тоқтыларды жинау»)

  • 90 мен 50-дің айырмасына 8-ді қос.
  • 80мен 30-дың айырмасына 7-ні қос.
  • 60 пен 50 – дің айырмасына 40-ты қос.
  • 70 пен 40-тың айырмасынан 20-ны азайт.
  • 50-ге 90мен 80-нің айырмасын қос
  • 60-қа 50мен 30-дың айырмасын қос.

(Оқушыларға кілт сөздің бірінші бөлігі беріледі)

— Енді келесі қала Түркістан қаласына назар аударайық,бұл көне қалалардың бірі.

(Кенет «Ұр, торпақ» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)

Құс есектің тапсырмасы:

«Эстафеталық жарыс» Қай топ жылдам, әрі зерек екен?

Салыстыр <,>,=

2онд 5бірл  *  2онд 3бірл

5онд  *   5бірл

3онд 6 бірл  *  6онд 6 бірл

8бірл  *  8онд

Ұр, торпақ оңайлықпен кілт сөзді бергісі келмейді, оның бөлек тапсырмасы бар екен.

Алдымен уақыт өлшемдерін қайталап алайық:

1сағ-60мин, 1тәул-24сағ, 1апта-7күн, 1ай-4апта;30-31күн, 1жыл-12ай;365күн, 1мүшел-12жыл, 1ғасыр-100жыл

 

Өздік жұмысы.

6 сағ + (3сағ + 1сағ)  *  (6сағ + 3сағ) + 1сағ

(3тәул + 7 тәул) – 2тәул  *  3тәул + (7тәул – 2тәул)

(10мин – 6мин) +1 1мин  *  10мин – (6мин + 1мин)

(Ө.ж, экрандағы дұрыс жауап арқылы бағаланады)

 

  1. Сергіту сәті.

Теңіз жағалауындағы толқынның дыбысы жығады.

Балалар біз Атырау қаласына жеттік.(Кенет «Аңқау арыстан» ертегісіндегі арыстан шыға келеді.)

Балалар арыстанның да сендерге айтар тапсырмасы: Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңін қимылмен айтсын дейді.

 

-Балалар, қане қарайықшы, Көкшетау қандай әсем мекен. (Экраннан «Қасқыр мен түлкі» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)

-Оқушылар ертегі неден басталып еді? (Жолбарыс сырқаттанып қалады)

Түлкінің тапсырмасы: Жолбарысқа емдік шөпті жинап берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасқырдың тапсырмасы:

№4 52 бет (Есепті оқушылар оқиды, шартын құрады)

1-ыдыста – 2л

2-ыдыста – 5л       ?

Шешуі: 2+5=7(л) – шырын

Жауабы: екі ыдыста 7литр шырын

 

  1. Қорытынды. Бекіту.

Соңғы қала Астана қаласына жеттік.

Тапсырма: Берілген ғимарат қандай фигуралардан құралған?Жануарлар қай пәтерде тұратынын тап.

Жұмбақ сөз:

Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.

 

  1. Бағалау

Сыр сандық ашылады, оқушыларға сыйлықтар таратылады.