«Елім менің» атты» танымдық ойыны

91

«Елім  менің» атты»    танымдық ойыны

 Мақсаты:

      Оқушылардың ана тіліне деген құрмет,сезімдерін арттыра       отырып, сөз құдіретін түсінуге, салт-дәстүрімізді білуге ,ойлау қабілеттерін жетілдіруге,

өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға баулу.

 

Көрнекіліктері: 

                                проектор, экран, кітаптар ,нақыл сөздер.

 

І айналым.

Бейнесұрақ

Ән-жұмбақ  (2 ұпай)

 

ІІ айналым.

«Аңдап айтып, анық сөйлеу»  (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)

1-асу

«Асыл» тобына:  Жанпейіс, бойкүйездік, қияңқы, сары ауыз

«Қыран» тобына:  Жұлдызшы, мінажат, сұрғылт,кесапат.

2-асу

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру

*жұлдызы жарасқан                                 *аузына қақпақ болу

*дүние есігін ашу                                        * құрақ ұшу

*күн құрғатпай                                           *аты шулы

 

                                         Ән-жұмбақ

 

ІІІ айналым

Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді,әр тұлғаға 1 ұпай/

*Ахмет Байтұрсынов                           *Абай

*Нұрсұлтан Назарбаев                         *Тоқтар Әубәкіров

*Меруерт Өтекешова                          *Мұқтар Әуезов

*Бердібек Соқпақбаев                            *Абылай

*Әбілқайыр                                                *Ізғұтты Айтықов

*Қайрат Рысқұлбеков                           *Сәрсен Аманжолов

*Какен Аханов                                           *Құман Тастамбеков

 

                                                   ӘН  ЖҰМБАҚ

 

4-айналым  «Сенесіз бе,сенбейсіз бе?»

  • Қазақстандық археологтар 1970жылы «Алтын Адамды»Есік қаласы маңынан табылғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе?
  • Сүйінбай ақын Жамбылдың ұстазы дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе?
  • Берел қорымы-Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Берел қорымы Шығыс Қазақстанда екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе?

*Кирилл әліпбиі Қазақстанда 1940 жылдан бүгінге дейін қолданылатынына сенесіз бе, сенбейсіз бе?

*Ақын-әнші,сазгер Әсет Найманбаев Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылынан екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе?

*«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас…»-деп тілге баға бергенАбай екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе?

 

                                                           ӘН ЖҰМБАҚ

5-айналым. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады.Сол әріптерді пайдаланып,сұрақтың жауабын тереді/

*Арам сөзінің антонимі /адал/

*Абай- дана,Абай-/дара/

*Майдың түсі  /сары/

*Ананың ойы балада,баланың ойы…/дала/

*Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру  /асар/

*Өзенге құятын екінші өзен  /сала/

*Жылқының түсі   /құла/

*Қалың сөзінің антонимі  /жұқа/

*Молда,имам… тағы да  /қожа/

*Жұмысты дұрыс орындай алмайтын адам  /олақ/

*Темір,тас дәуірі.Тағы қандай дәуір? /қола/

*Проект сөзі қазақша  /жоба/

                                            ӘН ЖҰМБАҚ

 6-айналым. «Салт-дәстүрді білеміз бе?»

  • Бұл дәстүр бүкіл қазаққа ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып,бірі қалып отырады.Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп,маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып,қонағасы береді.Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/
  • Біреуді сөзбен жығып,ұтып,оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеуі үшін бірдеңе береді. «Бірдеңені» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек./ауызбастырық/
  • Қазылар алқасы ойынды қорытындылап,  жеңімпаздарды  анықтады.

                            Қазақ тілі және әдебиет пәнінің   мұғалімі Касебаева Н.С.

                                            «Какен Аханов орта мектеп» КММ-сі

                                                Алғабас  ауылы, Ұлан  ауданы