Алып бала. Қалмақан Әбдіқадыров

Алып бала. Қалмақан Әбдіқадыров

Мақсаты:

Білімділік: «Алып бала» туралы әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру. Қажымұқан туралы білімдерін кеңейту. Оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Әңгімені оқи отырып сана-сезімін, сөздік қорларын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ептілікке, батыл болуға тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Пікірлер ағашы».

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, дүниетану.

Көрнекілік: мультимедиалық оқу құралдары, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Білімдерін тексеру:

а) сұрақ-жауап:

  • Әлия Молдағұлова жөнінде не білесіңдер?
  • Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған?
  • Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?

ә) «Ерлік» туралы мақал-мәтелдер айту.

б) «Балық» ойыны. Нақыл сөздердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою. Ол сөздерді балық денесіне жазу.

Ер есімі-ел есінде.

Еліңді сүйсең-ерлік істейсің.

Батыл болмай, батыр болмайсың.

Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.

Өжет адам өлімді жеңеді.

Қорқақ қол бастамайды.

ІV. Мақсат қою кезеңі: Қалмақан Әбдіқадыровтың «Алып бала» әңгімесі.

         Алып — зор денелі адам, алапат күш иесі, «батыр» ұғымымен мәндес сөз.

  1. Жаңа сабақ:

а) Автор туралы түсінік:

Қажымұқан туралы жазған  Қалмақан Әбдіқадыров -ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. “Екпін”, “Шахтер”, “Өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Қ.Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі бірнеше рет басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты.

 

ә)  Оқулықпен жұмыс: ҰОС кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов жіберген ақшаға ұшақ жасалды.

          Қажымұқан 100 мың сом қаржыға ұшақ сатып алып, оны батыр Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келеді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе колхозы, Қажымұқан Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин».

б) «Алып бала» әңгімесіндегі түсінуге қиындау сөздердің мағынасын ашу.

Оқыра тиіп- бұл жерде: сона тәрізді жәндік шағып.

Құзар жар-биік жар.

Торығып-түңіліп, ренжіп.

в) «Алып бала» әңгімесін оқып, түсіндіру.

г) Қажымұқан  Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет беру.

Қажымұқан  Мұңайтпасов 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмаған.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы орталығындағы Қаныш Сәтбаев мұражайының алдында салмағы бір тонна мөлшерінде таудың сұрғылт тасы тұр. Қажы Мұқан Сүбек ұстаға: “Олжамның жартысын ал, оны қаламасаң өнеріммен жинаған мына сөлкебайларымның (медаль) таңдағаныңды берейін” – дейді. Бірақ Субек ұстаның қалауы басқаша екен: “Қажеке мал соқса желдікі, айдаса жаудікі. Қазақтан сіздей ұл бұдан кейін туар, тумас. Анау таудан көтеріп бір үлкен тас әкеліп осында орнатып кетіңіз, қайратыңыздың куәсі болсын, достығымыздың мұраты болсын” – дейді.

в) Оқушыларға тізбектей оқыту.

д) Суретпен жұмыс.

— Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардыңдар?

— Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсыңдар?

— Суреттегі адамның ісіне өз көзқарастарыңды білдіріңдер?

е)  Дәптермен жұмыс: түсініксіз сөздерді жазу.

VІ. Бекіту:

  • Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды?
  • Бала жігіт неге тарығып жылады?
  • Әңгіме неге «Алып бала» деп аталған?

VІІ. Қорытынды:

1.Үйге тапсырма: «Алып бала» мәтінін оқу, мазмұндау. «Күштілік» туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.

  1. Бағалау.