Сөйлем мүшесінен өткенді қайталау

143

 

I.Сабақтың    Сөйлем мүшесінен өткенді қайталау

тақырыбы:

II.Сабақтың    Білімділік: Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау,олардың грамматикалық

мақсаты:                        белгілерін меңгерту;

Дамытушылық:Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал

ету, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөйлем талдау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Сөйлемдер арқылы елін сүюге  және оқушылардың рухани

байлығын қалыптастыра отырып,адамгершілікке тәрбиелеу

ІІІ.Сабақтың

тегі: Қайталау, жинақтау, сабағы

ІV.Сабақтың  Саяхат сабақ

түрі:

 

V.Сабақтың Сұрақ-жауап топтық жұмыс шығармашылық ізденіс,ойтолғау

әдісі:

VI.Сабақтың Интеративті тақта Астананың әсем ғимараттарын слайд арқылы көрсету

көрнекілігі:

VII.Сабақтың I.Ұйымдастыру кезеңін жүргіземін

барысы: Оқушыларды V топқа бөліп,бүгінгі сабақтың ерекшелігі түсіндіріледі

II.Жаңа сабақ

-Балалар,биылғы жыл несімен ерекшеленеді?

-Дұрыс айтасыңдар.Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр.Ендеше, біз өзіміздің  біліміміз арқылы осы мерейтойға өз үлесімізді қоса аламыз.

Өркендеген Астана-Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі.Бүгінгі сабағымызда еліміздің рухани орталығына, мәдени мекеніне айналған айшықты қала-Астанаға саяхат жасаймыз.

1.Еңселі елордамыздағы басты ғимарат-Қазақстан Президентінің резиденциясы-Ақорда.Бұл ғимараттың ұзындығы- 600 метр, ені -20 метр.Ақордадан келіп түскен шұғыл хатқа жедел жауап берсеңіздер, саяхатымызды әрі қарай жалғастыра аламыз.

Топтық тапсырмалар.

                                                      I-топ

1.Сөйлем мүшесінің 3 белгісін білесің бе? Оларды ата

2.Бастауыш нені білдіреді.Дара бастауышқа мысал келтір.

3.Толықтауыштың байланысу түрі қандай ?

                                                  

                                         

 

 

 

                                                  IIтоп

1.Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2.Баяндауыш нені білдіреді.  Күрделі баяндауышқа мысал келтір.

3.Оқушылар Астанаға саяхат жасады. Асты сызылған сөз тіркесінің байланысу тәсілі мен түрі қандай?Астанаға сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.

                                         

     

 

 

                                   

 

                                                IIIтоп

1.Тұрлаулы мүшелер деп неліктен аталады? Оған қандай мүшелер жатады?

2.Толықтауыштың негізгі белгілерін ата?

3.Бастауыш пен баяндауыш қалай байланысады?

 

 

 

 

 

                         

                                              IV-топ

  1. Тұрлаусыз мүшелердің ерекшелігі не, оған қандай мүшелер жатады?

2.Тура толықтауышқа мысал келтір.

3.Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ата?

 

 

 

 

 

                                             V-топ

1.Үйірлі мүшені қалай ажыратуға болады.

  1. Анықтауыш нені білдіреді.Үйірлі анықтауышқа мысал келтір.

3.Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кие. Сөйлемде сызықша не үшін қойылған?

 

Жақсы,балалар,саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық

2.Астана келбетін аша түсетін арнайы тапсырыспен салынған құрылыс кешені-Пирамида. Ол қазіргі кезде «Бейбітшілік пен келісім сарайына» айналған.Көлемі-28мың кв метр,ал биіктігі -62 метр.Ішінде 1500 адамдық концерт залы бар.Пирамида аралығыларың келсе, «Кім тапқыр?»тапсырмасын орындауларың керек.

         Кім тапқыр?                                               

 

Мақалдың жалғасын тауып, сөйлем мүшесіне талдау жаса:

 

  1. Еңбек-ата,

  ………….

2.Жақсының аты өлмеиді,

    ………….…………….

3.Ерді намыс өлтіреді,

    ………….………

4.Жылы-жылы сөйлесең, ………….…………….

5.Атаға қарап ұл өсер, ………….…………….

 

 

 

 

3.Арман қала-Астанадағы ең биік ғимараттың бірі Хан-шатыры.Алаңының өзі 10 гектар жерді алып жатыр.Оның ішінен қалалық парк, кинотеатр,көрме,концерт залдары,дүкендерді, тіпті, аквопаркті де тамашалай аласыңдар.Хан-шатырына кіруге асығыңыздар,ол үшін 56-жаттығуда берілген «Сыйрақ-өз Отанының ұлы патриоты» мәтініне талдау жасауларың кажет.

Талдау-табыс кілті.Ендеше,іске сәт

I,II топ-тезис жазу

IIIтоп-қарамен жазылған сөздердің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтау

IV-Сыйрақтың сөзін аяқтау

V-Сыйрақтың ерлігіне қатысты ой қорыту

Ал, енді біздің бақытты болашағымыздың символындай Сарыарқаға сәулет беріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументіне де таяп қалдық.Биіктігі-97 метр Бәйтеректің жоғарғы шыңына шыққыларыңыз келсе,«Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбына шағын ойтолғау жазуларыңыз керек.

IV.Сабақты қорытындылау:

Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам.

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы,жасай берші,нұрлы Астанам.

-Балалар,сендер сөйлем мүшелерінен алған білімдеріңді жинақтап меңгеру арқылы нұрлы қала-Астанамызға саяхат жасадыңыздар.Біздің Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын.Сондықтан әлі-ақ елордамызда саяхат жасайтындарыңызға сенімдімін.