Құрманғазы Сағырбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы

 

Сабақтың мақсаты:

Ұлы күйшінің өмірі және шығармашылығымен танысу ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Сабақ міндеті:

  • Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алады, жаңа сөздермен танысады;
  • Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізе алады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады;
  • Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға талпынады.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ технологиясы: СТО

Стратегиялары:

  1. 1. «Ой қозғау» стратегиясы;
  2. «Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы;
  3. 3. «Көрнекілік» стратегиясы;
  4. «Кері байланыс» стратегиясы;
  5. «Еркін жазу» стратегиясы;
  6. «Ассоциациялық карта» стратегиясы;
  7. «5 жолды өлең» стратегиясы;
  8. «Психологиялық тест» стратегиясы;

Сабақ құрал-жабдығы: компьютер слайды, әр түрлі қағаздар, маркерлер.

Сабақ барысы

  1. I. Мағынаны тану.
  2. Үй тапсырмасын сұрау

«Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы

I топ — II топқа, II- топ III топқа, III топ -1 топқа сұрақ қояды:

  • Күй деген не?
  • Күйде не туралы айтадылады?
  • Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?
  • Күйді шығарған кімдер?
  • Қандай күйшілерді білесіңдер?
  1. II. Қызығушылығын ояту.

«Ой қозғау» стратегиясы

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату. Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.

  • Не тыңдадыңдар?
  • Кімнің күйі деп деп ойлайсыңдар?
  • Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
  • Күйдің мәтіні бар ма?
  • Әннен айырмашылығы қандай?

Ендеше, күй-қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуанышты мен қайғысын күйі арқылы жеткізе білген.

  1. Жаңа сабақ. Құрманғазы Сағырбайұлы

«Көрнекілік» стратегиясы

  1. A) Компьютер слайды бойынша суреттер көрсету арқылы мәтінмен таныстыру.

Ә) Мәтінмен жұмыс (мұғалім мәтін үзігін карточка арқылы топтарға бөліп таратады).

  • Сөздік жұмысын жаса.
  • Аудар.
  • Сұрақ қой.

Б) Тілдік талдау

«Құрманғазы», «Домбыра», «Күйші» сөздерін септеу.

  1. B) Ізденіс тапсырмасы:

(алдын ала берілген тапсымамен Құрманғазы тақырыбы бойынша мәлімет жинау).

III. Ойтолғау (Бекіту)

І топ. «Ассоциациялық карта» стратегиясы Құрманғазы тақырыбын топтастырады.

ІI топ. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерін, ұққанын жазады.

ІII топ. «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша Құрманғазы тақырыбына өлең жазады.

Ортақ тапсырма — «Психологиялық тест» стратегиясы бойынша сөйлеу.

Құрманғазы дегенде домбыра ойға келеді. Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы екені білеміз. Домбыра неден тұратынын білесіңдер ме? Домбыраны бүгінгі сабақпен байланыстырар едіңдер?

Айталық, домбыраның екі шегі, құлақ күйі, пернелері, тиегі болады. Сонда жалпы сабақ қалай байланыстыруға болады?

Жалпы макеті, домбыраның өзі-білім мен тәрбие беріп отырған мектеп.

Екі ішегі — бір-бірімен тығыз байланысты пән — қазақ тілі мен әдебиеті.

Тиегі — оқушы

Құлақ күйі — бағыт беруші, жол сілтеуші, «құлақ күйін бұраушы» мұғалім.

Пернелері — 7 пернеден тұратыны секілді бүгінгі сабақ жеті тапсырмадан тұрады.

Үйге тапсырма — мазмұндау

Бағалау- жұмыс топпен өтеді, бірақ бағалау әр оқушының білімі мен белсенділігіне байланысты қойылады.