Қысқы ауа-райы

Сабақтың тақырыбы: Қысқы ауа-райы

Мақсаты: Қысқы ауа-райы тақырыбында сөйлесе білуге үйрету.

Міндеті:

1.Сөйлеу барысында сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрету.

2.Сұрақ-жауап өткізу арқылы, оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін, сөйлесуді дамыту.

3.Қыс жыл мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі жайлы ескерту.

Көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған плакат, «Толықтырып жаз» тапсырмасы жазылған плакат, үнтаспа, карточкалар

Қалданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, «Кристалл» әдісі, түсіндіру, «миға шабуыл» (ассоцияция) әдісі

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, назарларын аударту, сабақ мақсатын айтып өту, ойын «Мен саған … тілеймін» оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

ІІ Үй тапсырмасы: «Қысқы каникул» ассоцияция жасату, әңгімелеу, сөздік тексеру, карточкалар арқылы тапсырмалар беру

ІІІ Жаңа сабақ бойынша:

1.1 Сөздікпен жұмыс: түсіндіру,үнтаспадан тыңдату, жекелей , топпен қайталату, сөзтіркестерін және сөйлемдер құрату, сөздікке жазу.

Буран-боран, борайды – бушует, төмен температура-низкая температура, мұз басады-покрывается льдом, қырау – иней, абайла – осторожно, сынық – перелом, құлау-падать

1.2 Қыс кезіндегі тайғақтан, үсіктен абай болу керектігін айтып өту.

  1. Кітаппен жұмыс: диалог оқу: №3 132бет.
  2. Үлгі бойынша сөйле: Қар. Қар жауды. Қар қалың жауды. Кеше қар қалың жауды. Кеше далада қар қалың жауды.

Сергіту сәті.

4.Дәптермен жұмыс:

4.1 қырау сөзіне фонетикалық талдау жаса

4.2 шаңғы сөзін тәуелдеп жаз, буынға бөл

Ү Бекіту: «Кристалл» әсін қолдану арқылы оқушыларға қыс және күз жыл мезгілдерінің ауа – райын салыстырту

ІҮ Қорытынды:

Толықтырып жаз, өзің де ойлан

Город – қала             иди — бар    соль — тұз                класс – сынып

Санки — …                   снег — …         лед — …                  перелом — …

 

Ү Үйге тапсырма:

жаңа сөздерді қолданып қысқаша әңгіме құрап жазу, әңгімелеу