Жіп туралы мағлұмат

Сабатың тақырыбы:  Жіп  туралы  мағлұмат

Сабатың  мақсаты. Оқушыларды   жіп  иіру, жіптен  тоқылатын  заттар  және  олардың  түрлерімен, сапасымен   таныстыру.

Жіпті  қандай    жағдайда қалай таңдау  керектігін үйрету.  Зейін қою, есте сақтау қабіліттерін   дамыта түсу.  Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке және  көркемді, сәнді    заттарға    көңіл  аудара  білуге   тәрбиелеу.

Көрнекілгі:  жіп түрлері, тоқыма  бұйымдар,  фабрика суреті,  тоқымаға

арналған   сымдар.

І . Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Еңбек  сабағының  қауіпсіздік  және  басқа да ережелерін    ескерту.

ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау.

  1. Мақта жайында не білеміз ?

Қазақстанның  оңтүстігінде өседі. Оны қолмен немесе комбайынмен

жинайды.  Мақтадан  жіп  жасайды,  жіптен мата тоқиды.

  1. Алғашқы адамдардың  киімдері  жайлы не білеміз?

Олар мата дегенді  білмеген , киімдерін теріден тігіп киген.

  1. Инені қайдан алған ?

Аңдардың   сүйегінен жасаған.

  1. Маталар неден жасалады ?
  2. Маталардың түрлерін білесіңдер  ме?
  3. Мата не үшін  қажет ?

Бүгінгі күнде матанаң қанша түрі бар екенін айту қиын , күн сайын шеберлер , мамандар неше түрін шығаруда.

ІІІ. Жаңа сабақ.        Жіп  туралы мағлұмат.

  1. Жіп иіру.

Жіп  жасау  үшін  біз  оны  иіруіміз  қажет. Тоқыма  фабрикаларында  жіпті  машиналар  иіреді. Ол  мақта, кендір, жүн  жіптерді  өзі  иіреді.

Иіру  машиналарында  қызмет  ететін  адамдарды  жіп  иіруші  дейді.

Ал  жіпті  өз  қолымызбен  де  иіруге  болады.  Онда  ерте  заманда  фабрикалар  болмағанның  өзінде  жіптің  неше  түрлерін  ҰРШЫҚПЕН -АҚ иірген  екен.  Ауылда  әліде  болса  әжелеріміз  осы  ұршығын  тастаған  емес.

  1. Жіп – қолөнерге қолайлы  материал.  Одан  киім,  кілем  немесе  гобелен  секілді  бұйымдарды  тоқуға  немесе  тігуге  болады. Жіп  түрлерін және  ұршықты  көрсету.
  2. Жіппен тоқылған  заттардың   ерекшеліктері,  сан түрлі  өзгеріс  жасау. Тоқыма  заттардан  көрме  көрсету.

ІҮ. Қорытынды:

  1. Схема арқылы  қайталатып  шығу.
  2. Өздерінің үйлерінде  тоқыма  пайдалана ма ?

Ү. Үйге  тапсырма:  Жіп  туралы  мағлұмат.

ҮІ. Бағалау.