Құзіретті тұлға қалыптастыруда сынып жетекшілерінің заманауи технологияларды қолдануы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта        мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Искакова Кенжегул Сарсенбайқызы

Құзіретті тұлға қалыптастыруда сынып жетекшілерінің заманауи технологияларды қолдануы

Жаңа білім беру технологиясының ұстанымдары – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін — өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші, тұлға қалыптастыру болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларын жан — жақты дамытып, тұлға етіп тәрбиелейтін, олардың мүддесін қорғайтын, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан рухани деңгейі биік, іскер, жаңашылдыққа өзін — өзі бейімдеп, дамыта алатын, ой — өрісі кең, талапты да талантты, адамгершілікті құрым — қатынасқа дайын, өмірлік белсенділігі қалыптасқан тұлға ретінде қарастыратын – сол бастауыш сынып мұғалімі.

«Білім нәрі – бастауыштан» демекші, бастауыш мектепте берген білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы екенін ескере отырып оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерту, табиғат, қоғам туралы танымын қалыптастыру, адамгершілік қағидаларға тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» — деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз.

Тәрбие сағаттарын өткізу үшін күні бұрын әр балаға жаттамақ, жұмбақ, мақалдар таратып, кейбір балаларға ән айтқызып, би билетіп келеміз. Осындай жұмыс түрлері балаларды жалықтырып жібермесе екен деген ой туындайды. Сондықтан тәрбие сағаттарына да жаңа технологияны кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танып, онымен жұмыс істеу әлдеқайда жеңілдер ме еді.

Кейінгі екі — үш жыл ішінде жаңа технологияны пайдалана отырып, оқу мен тәрбие мәселесін тығыз байланыстыра отырып түрлі тәрбие сағаттарын өткізіп келемін. Бұл тәрбие сағаттарының бұрынғы тәрбие сағаттарынан ерекшеліктері бар.

 

  1. Тәрбие сағаттарын күні бұрын дайындауға болмайтындығы
  2. Тәрбие сағатының не жайлы екенін оқушылардың өзі сабақ соңында қорытындылап айтуы.
  3. Оқыған — білгенін жолдастарының алдында, көпшілік алдында көрсете білуі
  4. Көпшілікпен бірге не жалғыз өзі шешім қабылдауына мүмкіндік туғызуы
  5. Пікір таластыра білуі, дұрыс сұрақ қойып үйренуі
  6. Әр баланың шеберлігін (көрініс көрсету, сурет салу, қолеңбек), яғни бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете білуі
  7. Өз жолдастарымен, үлкенмен, т. б. қарым — қатынастарын қалыптастыра білуі.

Осындай талаптарды қалыптастыру барысында 2 — сынып оқушылармен «Адам және табиғат» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткіздім.

Мақсаты:

1) балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау, жанды, жансыз болуын дәлелдету, табиғаттың адам өмірі үшін қажеттінің бәрін беретінін, сондықтан табиғатты сүю, оны қорғау керектігін өздері бақылай отырып қорытынды шығару;

2) адамның жақсы, жаман, білімді, тәртіпті, ақылды болып кездесетінін, өз пікірлерін айтып, шешім қабылдауына, салыстыруға түрлі тапсырмаларды орындату;

3) жеке, топпен, жұппен қалай, қайтіп жұмыс істейтіндерін зерттеп бақылау.

Пайдаланылатын материал

  1. Плакатта аспан және жер бетін бейнелеген сурет. Жеке — жеке жапсыруға арналған суреттер: тау, өзен, ағаш, жануарлар, құстар, киіз үй, ата және әже.
  2. Жұптық, топтық. Жеке жұмыстарға арналған кәртішкелер, схемалар.
  3. Таза парақ пен түрлі қарындаштар.
  4. Үнтаспаға жазылған ән шумағы.

Барысы.

Ұйымдастыру.

Балаларға ақ парақ қағаз таратылып, жұмыс барысында қажет болған кезде пайдаланылатындарың ескерттім.

— Балалар, тақтадағы ілулі суреттен жылдың қай мезгілін көріп отырсыздар?

— Жаз мезгілі.

— Оны қайдан байқадыңдар?

— Ашық аспан және жердегі шөптердің жасыл екендігінен.

— Аспан мен жерді не деп айтамыз?

— Табиғат дейміз.

— Дұрыс. Ендеше, балалар, менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деген үміттемін.

Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерде не көрдім?

Жауаптар: Тау, өзен, ағаш, құс, гүл т. б. (Айтқан сөздеріне қатысты плакатқа көргендерін жапсырып отырады.)

Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан — жағыма мен кенет

Қарап едім, не көрдім?

Жауаптар: күн, бұлт, құстар, елік, тас т. б. (тағы да жапсырады.)

— Табиғаттың қай түрін көріп отырсыңдар?

Жауап: Тірі табиғат, өлі табиғат.

Доппен жұмыс. Допты әр балаға лақтырып «Тірі табиғат» десем тіріні, «Өлі табиғат» десем өліні атау керек екенін ескерттім.

— Табиғатқа арнап ән шумағын жазған ұлы адам кім еді?

— Абай Құнанбайұлы.

— Ән сабағында жаттаған әннің аты қалай?

— «Желсіз түнде жарық ай»

(Әнді бәрі орындайды, әннің ырғағымен, қимыл — қозғалыс жасалуына болатынын ескерттім).

— Балалар, алдарыңдағы қағазға табиғат, оның түрлерін схема түрінде көрсетіңдерші.

(Тіріге адам, жануар, өсімдік, өліге күн, ай, жұлдыз, тау, тас, су екендігін ажыратады).

 

  1. Әр топ схема бойынша әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.
  2. Жауап берерде топ ішінен бір бала не бәрі жеке — жеке айтуға болатынын ескерту.
  3. Қосымша жұмбақ, мақал айтуына болатынын ескерту.

Топтың жұмысын бірден сәтті орындалғанын айып немесе қателескен жері болса басқа топтармен ақылдасып, дұрыс шешімін айтқызуды қалыптастырды…

— Соңы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Ендеше, жердің, табиғаттың иесі мына сендер. Табиғатты қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау – өз Отанымызды сақтау деген сөз.

«Білім мен тәрбие» егіз. Оның негізі бастауыш мектепте қаланады. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, ата – ана балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек.

Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі. Журнал беттерінен сан түрлі керемет, ашық тәрбие сағаттарының үлгісін оқып, үйреніп, іс — тәжірибелерді өз сыныптарымызда қайталап, өңдеп өткізуді әдетке айналдырдық.

— Қорыта айтқанда, егер әр сынып жетекші тәрбие сағаттарын заманауи технологияларды қолдану арқылы түрлендіріп өткізіп отырса, жан — жақты дамыған құзіретті тұлға қалыптастырары сөзсіз.