Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім.

 

Cабақтың тақырыбы: Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін  сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.                                              Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара сан есім дегеніміз не?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Есептік сан есім дегеніміз не?

7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

 

 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б. Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(укі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады.

         Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер,жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады,кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты,жарым,ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады. Мысалы: екі жарым,үш ширек.Ондық бөлшектік сан есімнің  бөлімі ондық,жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш ( 12,3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін  жүзден төрт (15,04)

 

Кітаппен жұмыс: 172-жаттығу. Берілген ессептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазады .  3,5,8,10,6,2,40,70,80,100,1000.

176-жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады.

76,02, т.б.

 

Топпен жұмыс:Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік,болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазады.

Екеуара жұмыс: Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызамын.

Мысалы:                       Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

 

Білімді бекіту:1. Топтау сан есім дегеніміз не?

 2: Қандай сұрақтарға жауап береді?

 3.Есептік сан есімнен қандай айырмашылығы бар?

 4.Жинақтық сан есімнің айырмашылығы неде?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

 

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:174-жаттығу.Сөйлемдерді жазып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу жолына қарай ажыратып жазып келуге беремін.