Қазақ әртістері

58

Сабақтың тақырыбы: Қазақ  әртістері

Мақсаты:

Білімділік:           Оқушыларға  қазақ халқының белгілі кино майталмандары

ақпарат ала білуге бағыт беру.

Дамытушылық: Оқушылардың қазақ әртістер туралы жинаған ақпараттары

арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру..

Тәрбиелілік:     Оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра

отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ жауап, түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Үйірме»тақырыбына диалог құрастыру.

  • Сәлем!
  • Қалың қалай?
  • Сен қандай үйірмеге барасың?
  • Мен туризм үйірмесіне барамын.
  • Аптасына неше рет болады?
  • Аптасына үш рет болады.
  • Саған үйірме ұнай ма?
  • Иә, ұнайды.

ІІІ.  Жаңа сабақ

 

Фонетикалық жаттығу (тақтада «Спорт» тақырыбына сай өлең жолдары ілінеді. Осы өлең арқылы жаңа сөздерді анықтаймыз)

Спорт, спорт, спорт,

Денсаулыққа пайдалы.

Секірген әрі жүгірткен

Жаттықтырған адамды.

Хоккейменен волейбол

Допты теуіп қақпаға,

Ойнаймыз біз футбол.

Шаңғы, коньки, шанамен

Биік таудан  асамыз,

Бокс пенен күресте

Алтын, күміс алғанбыз.

 

 

 

  1. Лексикалық минимум:

Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, теуіп, допты тебеміз, асамыз, айналысамын, ұнайды.

 

  1. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді ойлап табу.

 

4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.

 

  • Сәлем!
  • Сәлем!
  • Сен қайдан келесің?
  • Мен ….. спорт кешенінен келемін.
  • Онда не істедің?
  • Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.
  • Үйірмеге қатысасың ба?
  • Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.
  • Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?
  • Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.
  • Сен …. спорттан жарысқа қатыстың?
  • Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.

 

  1. Сергіту сәті.

Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

 

  1. МТыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?

Коньки сырғанайды.

Енді Алматы қаласынан  Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Үйірмеде біз жүгіреміз, секіреміз, жаттығамыз. Маған қазақша күрес үйірмесі ұнайды. Үйірмені Төлеген ағай жүргізеді.  Мен қазақша күрестен Қарағанды қаласына жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Ендеше, достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс.

 

 

 

7-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

 

 

8-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

 

СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС
Мен спортпен айналыспаймын
Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.
Мен жарысқа қатыспаймын
Мен шетелге жарысқа бардым.
Мен Қазақстан намысын қорғаймын
Спорт адамға пайдалы

 

 

Рефлексия:

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Қай жері ұнайды?

 

Үйге тапсырма: