Етістіктің шақтары туралы түсінік.

78

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің шағы туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру. Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, Блум жүйесі.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Көрнекілігі: Етістіктің шақтарына арналған кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын тексеру.
  2. Етістік дегеніміз не?

есімше

  1. Қандай түрлері бар? көсемше

тұйық етістік

 

  • Жаңа сабақ.
  • Қызығушылықты ояту
  • «Шақ» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер, синоним табу.
  • «Шақ» сөзімен сөз тіркестерін құрастыру («балалық шақ», «жастық шақ»)

 

  • Мағынаны ажырату

 

  1. Білім. Оқушымен жұмыс
  • Етістіктің шағы дегеніміз не?
  • Ережені ұғу, түсіну.

 

  1. Түсіну. Шақтық мағынаға түсініктеме беру.

Шақтық мағына мынадай болуы мүмкін:

  • Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет;
  • Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет;
  • Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын қимыл, іс-әрекет.

 

  1. Талдау. Берілген сөйлемдерді талдап, іс-әрекеттің белгілі бір кезеңде іске асатынына көз жеткізу.

1 топ – Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. (Ы. Алтынсарин)

2 топ – Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. (Ж. Жабаев)

Ортақ тапсырма – Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

 

  1. Қолдану.

Оқулықтағы 104-жаттығуды орындайды.

1 топ – 1 абзац

2 топ – 2 абзац

Ортақ тапсырма – 3 абзац

 

  1. Жинақтау.

Әр  топ етістік шақтарына «топтастыру» жасайды.

 

Келер шақ               Етістік шақтары               осы шақ

 

Өткен шақ

  1. «Ой толғау» Не білдік?

Қорытынды сұрақтар:

  • Қимылдың, іс-әрекеттің өту кезеңі қалай айқындалады?
  • Етістіктің шағы дегеніміз не?
  • Етістіктің шақтары нешеу?

 

  1. Үйге: Ереже, 105-жаттығу.