Екі дос. Септік жалғаулары.

61

 

Сабақтың тақырыбы: Екі дос. Септік жалғаулары.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамытып,

мәтінмен түсініп жұмыс істеу.

  1. Оқушылардың сөйлеу қабілетін , есте сақтау қабілетін

дамыту.

  1. Оқушыларды татулыққа, достыққа шақыру. Бірін-бірі

сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа материалды хабарлау.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Інімнің досы» мәтін мазмұнын айту.

Мақал-мәтелдер мен кеңестерді жаттау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы. «Екі дос»

Сұрақтар.

  • Сіздің досыңыз бар ма?
  • Досыңыз нешінші сыныпта оқиды?
  • Сіз досыңыздың қандай жақсы қасиеттерін білесіз?
  • Дос қандай болу керек?

ІҮ. Сөздік жұмысы.

55 бет. Жаңа сөздермен жұмыс.

Үйдің арасымен-между домами

Әңгімелесу-разговаривать

Денсаулығы нашар-здоровье слабое

Шалбар-брюки

Шыбық-тросточка

Нағыз-настоящий

Ү. Мәтінмен жұмыс.

«Екі дос» мәтінімен жұмыс.

1 Мәтінді оқу.

2Орыс тіліне аудару.

3Сұрақ-жауап.

4 Түсінгенің айту.

ҮІ Венн диаграммасы.

ҮІІІ Сұрақ-жауап әдісі.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Достардың аттары кімдер?
  • Қайсысының денсаулығы нашар еді?
  • Қара төбет не істеді?
  • Ақселеу неге қашпады?
  • Абыз оған не деді?
  • Тыңдап тұрған ақсамал не деді?

ІХ. Мақал-мәтелдер.

Сіз дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

  • Досы көпті жау алмас.

Ақылы көпті дау алмас.

  • Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.
  • Досыңның достығы,

Басына іс түскенде білінер.

Мақалдың мағынасын түсіндіріп, дәптерлеріне жазғызу.

Х. Жазба жұмысы.

1-тапсырма.

Мәтіндегі зат есімдерді теріп жазып, көптік жалғауын жалғандар.

Екілер,достар,төбеттер,иттер,шыбықтар,шалбарлар,балалар,азаматтар,әңгімелер,ақсақалдар.

2-тапсырма.

«Достық», «Ақселеу» сөздерін септеу.

ХІ. Үйге тапсырма.

Үйге «Екі дос» мәтін. Мазмұн. айту. «Достық» сөзіне сөзжұмбақ құру.

ХІІ. Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.