Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар.

35

ып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                  Сөздердің байланысу түрлері бойынша оқушылардың     біліктіліктерін жинақтау, бекіту.

Дамытушылық:          Оқушыларды сөздердің байланысу түрлерін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілігі:              Оқушыларды тапқырлыққа, ұшқыр ойлылыққа,белсенділікке, жан-жақтылыққа, еңбексүйгіштікке,  адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  Сызба, тест тапсырмалары , семантикалық карта.

Сабақтың әдісі:             Сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, үй тапсырмасына дайындалып отыруларына ескертемін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге жанасу туралы оқу, 264-жаттығуды жазбаша орындап, талдап келу берілген болатын. Тапсырманы 2-3 оқушыдан сұраймын. Барлық оқушының дәптерлерінен жаттығудың орындалысын  тексеріп шығамын.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту: Оқушылармен біріге отырып, жанаса байланысқан сөз тіркесі туралы жинақтап, қысқаша қорытындылаймыз.

ІV. Сөздердің байланысу түрлері туралы жинақтап, оқушылардың білімдерін пысықтау.

  1. Сыныптағы 16 оқушыға тест тапсырмаларын таратып беріп, белгілетемін, содан соң жинап алып, бағалаймын.
  2. Сыныптағы 3 топқа, яғни»Алғырлар», «Білгірлер», «Зеректер» деген топтарға бөлемін.
  3. Әр қатар ішінде қиысу, матасу, меңгеру,қабысу,жанасулары бар бес-бестен мақал-мәтел айту.
  4. Семантикалық картаны толтыру.

3.Көп нүктенің орнына қосымшаларды қойып, байланыс түрлерін анықтау.

  1. Сөзжұмбақ шешу.
  2. Оқулықпен жұмыс 266-жаттығудың ішінен сөз тіркестерін теріп жазып, талдау.
  3. «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты шағын ойтолғау жазу, ішінде байланыс түрлері болу керек.
  4. Қорытындылау, ұтқан топтың мүшелерін бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Байланыс түрлерін қайталау, 267 — жаттығуды жазып, талдау.