Үстеуді пысқтау. Көктем табиғаты.

38

 

Сабақтың тақырыбы: Үстеуді пысқтау. Көктем табиғаты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:           Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, үстеу туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен ажырата білуге үйрету. Жыл мезгіліне қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтау.

 

Дамытушылық: Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын тез, шапшаң, нақты сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру. Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.

 

Тәрбиелік:           Табиғатты сүюге, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдіс: пысықтау, ойын сабақ.

 

Сабақтың көрнекілігі: «Көктем» суреті, сызба, әртүрлі кеспе қағаздары.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу

Ә) Әнұран

Б) Түгендеу. Құрал-жабдықтарын тексеру. Сабаққа назарын аударту.

Мұғалім:

Әрбір адам досым, сыныптасым

Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық

Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену

  • Олай болса өткен сабақта не үйреніп білдік? Үстеу дегеніміз не?
  • Үстеудің қандай түрлері бар?
  • Үстеу түрлеріне өздеріңіз жазған мысалдарыңызды оқыңыздар.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар үй тапсырмасын оқып, талдайды.

  1. Жаңа сабақ.

 

Мынандай сөйлемдерге назар аударайық.

 

  1. Құстар жоғары (қайда?) ұшты.
  2. Сыртта (қайда?) жапалақ-жапалақ қар жауып тұр.
  3. Биыл (қашан?) көктем ерте (қашан?) келді.
  4. Күн енді (қашан?) жылынады.
  5. Қар тез (қалай?) еріді.
  6. Шөп қаулап (қалай?) өсті.

 

Осы сөйлемдерді талдай отырып, үстеудің  түрлерін  ажыратамыз. Оқушылар сөйлемдерден ереже шығарып, тұжырым жасайды.

  1. Мезгіл үстеуі іс-әрекет қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді.
  2. Мекен үстеуі іс-әрекет, қимылдың болу орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді.
  3. Сын-қимыл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді.

 

Лексикалық тақырып: Көктемде.

 

Кіріспе сөз:

  • Балалар, біз бүгін көктем туралы қазақша сөйлесуге үйренеміз. Көктем айларын қазақша айтып үйренеміз.

 

Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: көктем, жаз, күз, қыс. Бір жылда 12 ай бар.

  • Қане, балалар, көктем айларын еске түсіреміз.
  • Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
  • Көктем туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

1 оқушы:

Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Көктем келді шуақты.

2 оқушы:

Таңмен бірге оянып,

Қызғалдақтар құлпырды.

Жасыл түске боялып,

Қызықтырып  қыр тұрды.

3 оқушы:

Наурыз келді шуақты,

Шаттанбаған бар ма алап?

Жылғалармен су ақты,

Бүрін жарды тал-дарақ.

4 оқушы:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

5 оқушы:

Көтеріп жасыл туын көктем келді,

Деміне маужыратып көк пен жерді.

Қарлы тау қаһарлана қараса да,

Етегін гүлге бөлеп өрнектеді.

 

  • Иә, балалар, көктемнің алғашқы айы – наурыз. Ең тамаша ай. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді. Жыл құстары келе бастайды. Гүлдер гүлдейді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың ең әдемі мезгілі.
  • Балалар, қандай гүлдерді, құстарды білесіңдер?
  • Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, тырна.
  • Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, інжігүл.
  • Көктемде адамдар не істейді?
  • Диқандар жер жыртып, егін егеді. Бау-бақшаға жеміс ағаштарын отырғызады.

 

Сурет бойынша жұмыс жасау.

Көктем келді. Көктемде ауа райы жылы болады. Оқушылар сенбілікке шықты. Олар мектеп  ауласына ағаштар отырғызды. Марат Жанарға бәйшешек гүлін сыйлайды.

 

Кітаппен жұмыс жасау.

1-тапсырма. Сөйлем құрау.

Көктемде күн жылынады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Қар ериді. Гүлдер шығады.

 

2-тапсырма. Үстеудің түрлерін ажырату.

Дархан дүкеннен  тез келді. Алтай  жай жүріп келеді. Омар ауызша өтініш айтты. Ертең бізге бес сабақ болады. Кешке мен театрға барамын. Сары балапан анасын төменнен іздейді. Қыздар оңға, ұлдар солға бұрылды.

 

Топтық жұмыс.

«Көктем» тақырыбында әр топ берілген суреттер бойынша сөйлем құрау.

 

1 топ.

Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.

 

2 топ.

Көктемде күн жылынады. Жерге шөп шығады. Оқушылар жеміс ағаштарын отырғызып жатыр. Айгүл ағаштарға су құйды. Дархан қоқыстарды тазалап жүр.

 

3 топ.

Бір жылда төрт мезгіл бар. Қазір көктем мезгілі. Көктемде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі, 22 наурыз – қазақша жаңа жыл, жылбасы мерекесі, 1-мамыр Халықтар достығы мерекесі, 9-мамыр Жеңіс күні мерекесі болады. Маған қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары өте ұнайды.

 

Кеспе қағаздары бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Бұл қай кезде болады?

 

Жапырақ түседі                         қыста

?

Жапырақ шығады                     күзде

 

Қар жауады                               жазда

 

Күн ыстық болады                    көктемде

  1. Үстеулерді мағыналық түріне қарай сәйкестендір.

а) ерте                          мекен

ә) артқа                        сын-қимыл

б) жазбаша                   мезгіл

 

  1. Көктемде не төлдейді?

а) шегіртке                   ә) құс                   б) мал

 

  1. Балалар көктемде не істейді?

а) шаңғы тебеді            ә) өзенге шомылады    б) қайық жібереді

 

  1. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?

а) нелер?             ә) қандай?           б) қашан?

 

  1. Қимылдың белгісін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы…

а) етістік              ә) үстеу                б) есімдік

 

  1. Сөйлемді сөз құрамына талда.

Олжас ертең саябаққа барады.

Үлгі: Олжас (зат есім)

ертең ( үстеу)

саябаққа (зат есім, барыс септігінің жалғауы)

барады (етістік, келер шақ)

 

  1. Біз тез аударамыз.
  2. Алыстан қонақтар келді.
  3. Бүгін ауа райы жылы болды.

 

Сабақты бекіту: — Балалар, мына құмыраны гүлге толтыру үшін берілген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Осы гүл шоғын анамызға мерекеге тарту етеміз.

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекітемін.

 

Үйге тапсырма.

Үстеудің түрлеріне сөйлем жазып келу. Ережені қайталау.