Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер

68

Тақырыбы:    Бірігу  арқылы   жасалған туынды   сөздер

1.Мақсаты: Бірігу арқылы жасалған  туынды  сөздердің  жасалу жолын  оқушыларға игерту;

2.Дамытушылық : Оқушының  ой-өрісін дамыта  отырып, сөздік қорын арттыру, өздігінен жұмысқа үйретіп, қатесіз, әдемі,  жылдам  жазуға  дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: оқушыны Отанын  құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа  тақырыпты  меңгерту

Әдісі;сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, ойын

Көрнекілік; үлестірмелі қағаздар, видеопроектор, слайдтар, оқулық

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару

ІІ Үй жұмысын тексеру

Сұрақтары:

1Сөзжасам дегеніміз не?

2 Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер қалай жасалады?

3 Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздер қалай жасалады?

4 Жаңа сөз жасауға қандай жұрнақтар қатысады?

5 372-жаттығу, Туынды сөздерді табу құс аттарын теріп жазу?

 

ІІІ Жаңа сабақ

Тақтаға бірнеше мысалддар жазу

Еңбкші, еңбекақы, Қызылорда, тұсаукесер, Гүлжан, тасбақа,

Сөздерді оқытып, мағынасын анықтау,

-Қызылорда-жердің аты,

-Қандай сөздерден құрылған

— «Қызыл» және «орда» деген екі сөзден бірігіп, жаңа сөз туды

-Сонда бұл сөздер қалай жасалған туынды сөздер?

-Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер, Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жаңа

Лексикалық мағына беретін сөздерді біріккен сөздер дейміз, (Ережені өздері шығарады,)

Біріккенсөз екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, Мысалы: Екібастұз (екі+бас+тұз), тасбақа (тас+бақа),

Бірігу  арқылы  жасалған  туынды  сөздер  аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  жер  атауларын   атаңдар.
«Ой  қозғау   стратегиясы».

Өзіміздің  Маңғыстау   өлкесінде  кездесетін   бірігу   арқылы   жасалған    жер   атауларын  атаңдар.

Деңгейлік тапсырмалар.  I деңгей.  Кітаппен жұмыс.

  • 374-жаттығу(ауызша);
  • 375-жаттығу(дәптерге сөйлем құрау)

ІІ деңгей. Семантикалық карта (тақтамен жұмыс)

Аң, құс атаулары Ұлттық ойындар Жер атаулары

 

ІІІ деңгей. 1. Кестемен жұмыс

Мысалдар Жұрнақ арқылы

Жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру

арқылы жасалған

туынды сөз

Лексикалық жолмен

Жасалған туынды сөз

Бүркітші                   +
Бүгін                    +
Суық хабар, суық сөз                       +
Ұшқыш                   +
Білім                   +
Баспасөз                    +
Еңбеккүн                    +
Пышақтың жүзі, үш жүз                     +

 

  1. 2. «Сыңарын тап» ойыны

Боз…-

Ақ…-

Мерей…-

Бағдар…-

Тіл…-

Ал…-

Кемпір…-

Шаң…-

Өнер…-

ІҮ. Сабақтың қорытындысы:

-Жаңа сөздер қалай жасалады екен?

-Бүгін қандай біріккен сөздерді білдік?

 

Ү. Үй тапсырмасы: 377-жаттығу.

ҮІ.Бағалау.