Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.

120

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.

ІІ Сабақтың мақсаты:

1 Білімділік:оқушылардың  қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін толықтыру. Түсінгенін еркін, жүйелі түрде әңгімелей білуге дағдыландыру. Етістікті қайталау, алған білімдерін пысықтау. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасауға дағдыландыру, тәуелдік, септік жалғауларын қайталау.

2  Дамытушылық:оқушылардың танымдық, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

3 Тәрбиелік: әдептілікке, дастарханды, қонақты сыйлай білуге тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, салыстыру, ойын элементін қолдану, жаттықтыру, Синквейн әдісі, ТҚЖ қолдану.

ІҮ Сабақтың түрі: аралас

Ү Сабақтың көрнекілігі: ұлттық тағамдар бейнеленген,тапсырмалар көрсетілген  слайдтар, бейнетүсірілім.

ҮІ Сабақтың өту барысы:  1 Ұйымдастыру.

2 Үй тапсырмасын тексеру: 1 «Ұлттық тағамдар» мәтінінің мазмұнын айту.

2 «Сөздер ұйқасы» ойыны арқылы  «Ұлттық тағамдар» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді тексеру.

дорого-қымбат                                    лестница-баспалдақ

верблюжье молоко-шұбат                жареное мясо-қуырдақ

брови-қас                                               плотно-тығыз

пища-ас                                                  кобылье молоко-қымыз

3 Өткен сабақта танысқан жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құру. Слайдтта берілген суреттерді пайдалану.

4 Қорытындылау.

3 Жаңа сабақ:     Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.

1 Сабақтың мақсаты мен міндетін айту.            2 Кіріспе сөз.

3 Мәтінмен жұмыс.        а) оқу (мұғалім)          ә) оқу (оқушы)

б) Жаңа сөздермен жұмыс.

дәм-пища    ауыз тию-пробовать     дәннен жасалған-растительный         бидай-пшеница                    күту-ждать

-Жаңа сөздерді айтып жаттығу (мұғалімнен кейін қайталау,хормен,жеке оқу).

-Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құру.

в)  Мәтінді түсініп оқу.                 г)  Сұрақтарға жауап беру.

—    Қазақтар  дастарханды қалай сыйлаған?

—    Келген қонаққа қандай құрмет көрсетеді?

—   Тамақтың негізгі түрлерін атаңдар.

—   Ет тағамдарына не жатады?

—   Сүт тағамдарына не жатады?

—   Нан тағамдарына не жатады?

—    Дәннен жасалған тағамдарға не жатады?

д) Сұрақтарға сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын айту.

4 Диалогпен  жұмыс. Үлгі бойынша сөйлесейік. Сендер қонақ шақырғанда, қандай тағамдар   дайындайсыңдар?

Диалог 1  -Сәлем,Әсет.

-Сәлем,Нәзира.

-Қош келдің, төрлет.

-Рахмет.

-Әсет, мен саған арнап бауырсақ, құймақ, палау пісірдім, дәм тат.

-Рахмет, Нәзира, өте дәмді.

Диалог  2  -Сәлем,Саша.

-Сәлем,Катя.

-Қош келдің,жоғары шық.

-Рахмет.

-Саша, мен саған арнап бесбармақ, бауырсақ дайындадым.

Дүкеннен шұбат сатып алдым.  Дәмін тат,  ұялма.

-Рахмет, Катя, бәрі өте дәмді екен. Сен де маған қонаққа кел, күтемін.

Диалог  3     -Маша, сен қайда бардың?

-Мен қонаққа бардым.

-Сен кімге қонаққа бардың?

-Мен Маратқа қонаққа бардым.

-Марат  саған қандай тағам дайындады?

-Марат маған ет қосылған картоп дайындады.

-Марат, саған кім қонаққа келді?

-Маған қонаққа Маша келді.

-Сен оған қандай тағам дайындадың?

-Мен оған ет қосылған картоп дайындадым.

5  Ал  әдемі мерекелік дастархан басында біз көңілімізді қалай   көтереміз? Ән айтамыз ба? Біз сендерге «Дастархан» әнін ұсынамыз. (Ән айту)

Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айтылады?    -Дастархан басында өзімізді қалай ұстауымыз керек? (Ережелермен танысу)

1 Дастархан басына бас киіммен отырма.       2 Үстелге шынтақтама.

3 Аузыңды асқа толтырып сөйлеме.

4 Тамақты дыбыс шығармай ішуге тырыс, қасықпен ыдысты тарсылдатпа.

5 Үстелдің ар жағына қол созба, сыпайы  түрде алып беруді өтін.

6 Тамақтан кейін шанышқы мен пышақты тәрелкеге қой.

7 Шай ішкенде,қасықты ыдыста қалдырма.      8 Аузыңды қолыңмен сүртпе.

7 Балалар, жоғарыда аталған тағамдардың қалай дайындалатынына назар аударайық. Эфирде оқушылардың күшімен дайындалған  «Дәмді және тез» бағдарламасы.«Бауырсақ» ұлттық тағамын дайындау тәсілімен танысу.

(бейнетүсірілім)

8  Оқулықпен жұмыс   Мақал-мәтелдің аудармасын табу.  125-бет 1-тапсырма

9  Тапсырмалармен жұмыс.  а) «Жеу» етістігін өткен, осы, келер шақта жіктеу.

ә) «Дастархан» сөзін тәуелдеу, септеу.    б) Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.Оларға синтаксистік талдау жасау. Етістіктерді тауып,түрін ажырату, шағын, райын анықтау.

1 Анам , дайындады, жылқының етінен, бесбармақ. 2 Жегім келеді, мен, қуырған бидай. 3 Мерекелік, дастархан, дайында, қонақ келсе.

10 Тақырып бойынша бес жолды өлең құру.

1 Тағам

2 Дәмді, ыстық.

3 Дайындадым, жедім, ұнайды.

4 Ұлттық тағам дайындауды үйрендім.

5 Тамақ, ас.

4 Бекіту, қорытындылау:          -Тамақтың негізгі үш түрін атаңдар.

-Ет, сүт, нан, дәннен жасалған тағамдарға не жатады?

-Етістік дегеніміз не?  Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

-Етістік мағынасына, құрамына қарай қалай бөлінеді?

— Етістіктің шақтарын, райларын атаңдар.

-Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Осы жаңа сөздермен  және «дастархан» сөзімен қандай сөз тіркесін, сөйлем құрай аласыңдар?

5 Үй тапсырмасы: 1«Мерекелік дастархан» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.  2 Жаңа сөздерді жаттау.  3 Етістікті қайталау. 6 Оқушыларды бағалау.