Менің бөлмем

465

 

Сабақтың тақырыбыМенің бөлмем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Балаларға өтілген тақырып бойынша бөлмеге қатысты сөздерді қайталау. Тәуелдік  жалғауын еске түсіру.

Дамытушылық:   Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелік:  Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдістәсілдері:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктері: кесте, суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу,ыңғайлау.

4.Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.

II.Өткенді қайталау.

1.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру.

3.Салған суреттері бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.

4.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін бақылау.

III.Жаңа сабақ.

-Балалар, біз бүгін бөлмеге қатысты сөздерді еске түсіре отырып, слайдқа назар аударайық.

Жаңа сөдермен жұмыс.

а) сөздік дәптерге жазу.

ә) қайталап оқу.

б) сөйлем құрау.

Шам-лампа                          кереует- кровать

Жатыр-лежит                       кілем-ковер

Тұр-стоит                              еден-пол

Үстел-стол

Осы берілген жаңа сөздермен сөйлем құрайды.

Сергіту сәті.

Жаңа сабақты бекіту:   Ауызша.

1-тапсырма.  «Менің бөлмем» мәтінді мәнерлеп оқу,аудару.

2-тапсырма. Суретпен жұмыс.  Слайдқа қарап , оқушылар бөлме туралы әңгімелейді.

Дәптермен жұмыс. «Бұл кімнің бөлмесі?» деген сұраққа жауап  бере отырып, «бөлме» сөзін  үш жақта тәуелдеп жазады.

Жекеше көпше

I менің бөлмем

II сенің бөлмең

II сіздің бөлмеңіз

III оның бөлмесі

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.  Ауызша.

Бөлме, ойыншық.

1.Ойыншық.

2.Әдемі ойыншық.

3.Менің әдемі ойыншығым бар.

  1. Менің көп әдемі ойыншығым бар.

Жазбаша жұмыс. 6-тапсырмада көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.

Мынау-менің бөлмем. Бөлменің…үстел тұр. Үстелдің…орындық,…ыдыс,…доп жатыр.

Керекті сөздер:  қасында, үстінде, астында, ішінде.

Сабақты қорытындылау:

1.Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату,сөйлету.

  1. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу арқылы әр оқушыға парақшалар таратылады.
  2. «Бөлме» сөзіне кластер жасай отырып, сабақты қорытады.

Үй тапсырмасын беру:

  1. Жаңа сөздерді жатқа айту.
  2. Мәтінді әңгімелеу.

Бағалау: Ескерту, мақтау айта отырып, белсенді оқушыларды бағалау.

Кері әсер: Балалар, бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақ ұнады ма? Сау болыңдар!