Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше

Пайда, мақтан — бәрі тұл. Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық – үшеуі оңаша қалған еді. Үйлер мен магазиндер, мектептер мен клуб үйі, адамдар, машиналар – бәрі де көмір үстінде. Мортық, ебелек, тітір, жусан – бәрі де жақсы өсіпті. Керуен көшетін сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болған. Ақылбай, Ербол және Мағаш пен Кәкітай  — төртеуі оша әңгімелесіп отыр екен. Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін, ішкі қатынас есіктерін – бәрін де Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен. Көшелер мен аулаларда жайқалған ағаштар, көшелерге төселген тастар, сонау шахтадан тартылып келген электр қуаты – бәрі-бәрі депутаттар қолға алған істер еді. Мен апыл-құпыл киіне сала, далаға шықсам, Рақила, Дәмелі – екеуі қой қораның есігін басып қалған жал қарды аршып жатыр екен. Қисық, Роза және мен – үшеуміз бұларды жататын үйлеріне апарып, орналастырып келдік.