Мектеппен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі

93

Ата-аналар конференциясының тақырыбы: «Мектеппен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі»

Өту барысы:

І бөлім

1.Топқа бөлу /алма, алмұр, шие/

Жаттығу:«Бумба –Юмба» тайпасы

Мақсаты: топ арасында амандасып, жағымды көңіл -күй сыйлау

Нұсқау: барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалыппыз. Бұл жердің салты біздің салтымыздан өзгеше. Осы тайпаның салты бойынша амандасайық.

1 /қолымды бір шапалақтағанда/ — мұрын түйістіреміз

2 /шапалақтағанда/ — құлақ

3 /шапалақтағанда/ — арқа

4 /шапалақтағанда/ — шынтақ

5 /шапалақтағанда / — тізе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Баяндама: «Ата –ана мен оқушы арасындағы ынтымақты қарым-қатынас» Мектеп психологі: Кажкенова Айнагул Марленқызы

Қоғамдағы барлық оқыту  және тәрбиелеу іс-әрекетімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінде отбасы мен мектеп тәрбиесінің маңызы зор.

Балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады.

Мектепте бала білім алып, жан-жағындағы құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсіп, сонымен бірге тәрбиеленіп шығады.

Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.

Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйнбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім, тәрбеи беруде басты тұлға ұстаз болса , оны жалғастырушы, демеуші –ата-ана.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тапсырма. «Киіз үй»

Шаңырақ – отбасы  балаға қандай  біріккен тәрбие беру керек?

Уық – мектеп  балаға қандай  біріккен тәрбие беру керек?

Кереге — осы тәрбиелерді алған бала қандай  болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма. «Сөйлемді аяқта»

І топ

  • Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды
  • Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі
  • Баланы қолдап отырса, өз қадірі үшін оқиды

І І топ

  • Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды
  • Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі
  • Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды

І І І топ

  • Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі
  • Бала адалдықта өссе, адал болып жетіледі
  • Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға болады

 

ІІ бөлім.

1.Топқа бөлу. «Үй,адам»

2.Баяндама. «Жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктері» . Баяндамашы: Каримова Айымгүл  Ғұбайдоллақызы

3).Тапсырма. «Ой қозғау»

 

 

 

 

 

 

 

3.Баяндама. «Бастауыш сынып оқушыларының зейіні мен жазу шеберлігі». Баяндамашы: бастауыш сынып мұғалімі Уталиева Венера Нұрланқызы

Зейін – бұл адамның сезімдік,  ақыл-ес  және   қимылдың

Белсенділігін   көтеруге  қажет  шынайы  не  идеалды нысанаға сананың    бағытталуы   Және шоғырлануы.

 

Балаларға  оқуды қызықты ете  білумен қатар,   оларды қызықтыра қоймайтын

тапсырмаларды да бұлжытпай орындатуды  Талап ету керек,

бұл тапсырманы   Орындағанда бір жағынан  басым етіп Жібермей,

екі жағын теңестіру арқылы ырықсыз

Зейінді тудырып отыру керек,

балаларда ырықты зейін

Аз болғанымен оны  жаттықтыру керек.     /К.Д. Ушинский /

4)Тапсырма «Жазу шеберханасы»

ІІІ бөлім.

1.Топтарға бөлу. / «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр»/

Жаттығу «Ән шырқайық, бәріміз»

5.Тапсырма. «Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?»

/шығармашылық тапсырма/

6.Тапсырма. «Әр қалыпты жазу»

Қорытынды./Ата-аналар өздеріне ұнаған күн,бұл,жаңбыр суреттерін алды/

Күн       – өте жақсы ұнады

Бұлт  – алған әсерім орташа

Жаңбыр – жақсы әсердемін