Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін тұра алмады. Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, — қорқыныш қана бар. Баршагүл сәлем беріп еді, — ол қырын қарап кетті. Оларда пасықтық бар, — адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, — жарқын жүз жоқ. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.  Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Екеуінің шұғылданғандығы сондай – ішке кірген кісіні аңғармайды. Есіктің киізін ойлай итерем, былай итерем, — ашылмайды. Елге мойнымды созам, — көрінбейді.