Етістікті қайталау

46

 

Сабақтың тақырыбы:  Етістікті қайталау

Білімдік мақсаты: Етістікті  қайталай отырып, мағыналық түрлерін  (болымды, болымсыз)  ажырату

 

Дамытушылық  мақсаты: Етістіктің тұлғасын, құрылысын  талдау, мақал- мәтелдердің оқушы  тілінде  аясын  кеңейту.

 

Тәрбиелік  мақсаты: Өз  ойын   дұрыс  айта  білу  негізінде  әдемі  сөйлеуге  баулу,  адамгершілік  тәрбиесін  бойына  сіңіру.

 

Сабақ түрі:  Қайталау  сабағы

 

Әдістер: Талдауды  қолдану, сұрақ- жауап,  деңгейлік  тапсырма, тест сұрақтары, топпен  жұмыс.

 

Көрнекілігі: Ойын, жұмбақтар, интерактивтік  тақта.

 

Сабақ  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

 

А) Сәлемдесу

  1. Қазір нешінші сабақ?
  2. Жылда неше мезгіл бар?
  3. Күз айларын ата.
  4. Бір жылда неше  ай  бар?
  5. Мемлекеттік тіл қандай  тіл?
  6. Қазақстанның қандай нышандарын білесіңдер?
  7. Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
  8. Сен қай көшеде  тұрасың?
  9. Сен қай ауылда  тұрасын?
  10. Сен қай облыста  тұрасын?
  11. Жамбыл кім?
  12. Бас қала қандай  қала?

 

Ә) Оқу  құралдарын түгендеу, назарларын  сабаққа  аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

А)Үй  жұмысын  тексеру

 

Сұрақтар :

 

  1. Дара, күрделі етістік дегеніміз не ?
  2. Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
  3. Сабақты, салт етістік дегеніміз  не ?
  4. Етістер дегеніміз не ?
  5. Есімше дегеніміз не ?
  6. Көсемше дегеніміз не?
  7. Оның жасалу түрлері   қандай?

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру .

Етістікті  қайталау (болымды, болымсыз түрі)

 

Лексика – грамматикалық  мағынасына  қарай талдау

 

Берілген  сөз: Ойла

 

  1. Бұл сөз екі  құрамнан  тұрады: ой-ла
  2. Тұлғасына қарай: туынды
  3. Құрылысына қарай: дара
  4. Мағынасына қарай: болымды етістік

 

  1. Деңгейлік тапсырма:

 

1- топ. Берілген  сөзбен  сөйлем  құрастыру.

2- топ. Фонетикалық  талдау.

3- топ. Жіктеу есімдіктер  арқылы  талдау.

 

  1. Жұмбақтар шешу:

 

1.Жол көзді жазық,

Ұшымен  қазық.

Үстіне  өттім,

Асыл  сөз  жазып.

(____________)

 

2.Оқушыға  күнде  еріп  жүретін  не?

 

(____________)

 

3.Жалт- жылт  етеді,

Жырадан  өтеді.

 

(____________)

  1. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман  кім,  жаны  асыл?

 

(____________)

 

  1. Тіл жоқ өзінде,

Сөз  бар  ізінде.

 

(____________)

 

  1. Жұқа тақта бөлшегі,

Ұзындықтың  өлшемі

 

(____________)

 

  1. Ілулі тұр кең  алаң,

Керегімді  мен  одан,

Жазып  алам  көшіріп,

Сүртем  сосын  өшіріп.

(____________)

 

  1. Етістіктің түрлері

Негізгі  етістік:         оқы, кел, ал

Туынды  етістік:      ойла, шегелеме

Көмекші  етістік:     алып  тұр,  келе  жатыр

Болымды  етістік:    бар, кел, ал

Болымсыз  етістік:   барма , келме, алма

Дара  етістік :            жаз, айт, сүрт

Күрделі етістік:        барып  кел, айтып  кел.

 

  1. Туынды етістіктің жасалуы:

Жұрнақтар:                   Мысалдар:

-ла, — ле                              ойла, сөйле

-да, — де                              тұзда, гүлде

— та, -те                               баста, істе

 

-лас,- лес                            ойлас, бірлес

-дас,-дес                             ақылдас, іздес

-тас,- тес                             көмектес, достас

 

 

Ойын «Мен  бақытты  болғым  келеді»

 

 

қ

у

а

н

а

м

ы

н

  с

ы

й

л

а

й

м

ы

н

  о

қ

и

м

ы

н

Бақыт
жырлаймын
туып өскенмін
шығамын
еңбек етемін
к

е

л

д

і

м

ш

ы

қ

т

ы

м

к

ө

р

е

м

і

н

 

кездесемін

 

арнаймын  
сағынамын

 

сүйемін

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгіме  құрастыру

Менің  туып  өскен  жерім  Қордай  ауданы  Жамбыл  ауылы. Қазір  өзім  студент  болып ,  Тараз қаласында  оқимын. Қалада  оқып  жүргенде  ата- анамды,  туып —  өскен  жерімді, достарымды  сағынамын. Өзім  өлең  жазамын. Ол  өлеңдер  анама,  туған жеріме  арналған. Менің достарым  көп, ауылға  келгенде  жиі  олармен  кездесіп  тұрамын.

Ата – анамды,  туыстарымды,  достарымды  сыйлаймын,  демалысқа  келгенде  еңбек  етіп  көмектесемін. Өмір  қызық, мен  бәрімен  сыйласып, бақытты болғым  келеді.

 

8.Тест

  1. Отыр сөзді қай  етістік?

А) күрделі

Ә) болымсыз

Б) дара

 

  1. Сызба сөзі қай етістік?

А) болымды

Ә) болымсыз

Б) күрделі

 

  1. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз:

 

А) қанша? неше?

Ә) әрбір, әркім

Б) барлық , бүкіл

 

  1. Жіктеу есімдігін көрсетіңіз:

 

А) барлық , бүкіл

Ә) өзім, өз

Б) мен,сен

 

  1. Өткен шақта есімшені көрсетіңіз

А) Мен оны  көргенмін.

Ә) Ол саған  айтар.

Б) Айтатыным  жоқ.

 

  1. Тұйық етістікті тап:

А) келемін, айтамын

Ә) оқу, жазу, ойлау

Б)  айтқан, жазған

 

  1. Сұрақтар арқылы қорыту

 

  1. Етістік қандай сұраққа жауап  береді?
  2. Етістіктің қандай түрлері  бар?
  3. Етістік сөйлемнің қандай  мүшесі?
  4. Болымды етістік дегеніміз  не?
  5. Болымсыз етістікке мысал келтір.

10.Үйге  тапсырма: Етістікті  қатыстыра  отырып «Көмек »  тақырыбына  әңгіме  жазу.

 

  1. Бағалау.
  2. Қоштасу.