Жаз

51

Сабақтың тақырыбы: Жаз

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушылардың «Жаз»  тақырыбына байланысты алған білімдерін жинақтап, сөздік қорын байыту. Жыл мезгілінің жаз айлары туралы толық мәлімет беру, өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту.

ә) Дамытушылық: оқушыларға жан-жақты білім беру. Қисынды ойлау қабілеттерін күшейту. Тез ойлау, сауатты жазуға дағдыландыру. Сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға қалыптастыру.

б)Тәрбиелік: оқушыларды жыл мезгілінің әр уақытын сүйіп, қадірлеуге шақыру. Қоршаған ортаға сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Жаз» тақырыбына байланысты суреттер, қағаздан жасалған автобус (немесе ойыншық).

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу, талдау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Сәлемдесу;
  • Әнұран орындату;
  • Түгендеу;
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру алдында жұмбақ беріледі.

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

 

Жұмбақты шешкен соң, сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

  • Балалар, сабаққа дайынсыңдар ма? Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы болмақ. Қазір бәріміз мына автобусқа отырып, табиғатқа саяхат жасаймыз.

 

  1. Сөздік жұмысы.
  • Бірінші аялдамамыз: «Сөздік алқабы».

Оқушылар «Жаз» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін хормен қайталайды.

жаз – лето

жүземіз – плаваем

шомыламыз – купаемся

жарысамыз – соревнуемся

тойлаймыз – празднуем

жалғыз аяқ жолмен – по тропинке

сусын – напиток

шөлдеген – жаждущий пить

қамқоршым – мой покравитель

шабындық – луг

сүйсіне қарады – смотрел с уважением

 

  • Сұрақ – жауап жұмысы.

Саяхатымызды жалғастырамыз. Автобус «Әңгімелеу төбесіне» келіп қалды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  • Жаз айлары – қай айлар?
  • Жазда ауа райы қандай болады?
  • Жазда нелер піседі?
  • Жазда балалар не істейді?
  • Сендер жазда қайда барасыңдар?
  • Жазда адамдар қалай киінеді?

 

  1. Жазба жұмысы.

Келесі аялдама — «Орфография ауылы». Оқушыларға жаттығу жұмысы беріледі. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс жазу керек.

Маусым – жаздың … айы. Маусым айында … жылы болады. Шілде – жаздың … айы. Шілде айы – ең … ай. Тамыз – жаздың … айы. Тамыз айында көп …, … піседі.

 

  1. Мәтінмен жұмыс.

Ендігі аялдама «Мәтіндер ауылы». Берілген мәтін бойынша жұмыс жасаймыз. Оқып, аударамыз. Сұрақтарға жауап береміз.

 

 

Жазғы демалыста

Жаз. Күн ыстық. Аспанда бұлт жоқ. Жалғыз аяқ жолмен Ерлан келе жатыр. Ол қалада оқиды. Әкесі атаң мен әжеңе көмектес деп ауылға жіберген. Енді ол шөп шауып жатқан атасына күн сайын сусын әкеліп тұрады. Бүгін де сусын әкеле жатыр.

Ерлан шабындық басына келді. Ол шөлдеген атасына сусын ұсынды. Атасы: «Қамқоршым менің», — деп, арқасынан қақты. Ерлан өз атасына сүйсіне қарады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Кім жалғыз аяқ жолмен келеді?
  • Ол қайда оқиды?
  • Оны ауылға не үшін жіберді?
  • Ерлан кімге сусын әкелді?
  • Атасы оған не деді?

 

  1. Мақал — мәтел айту.

Біз «Мақал — мәтел» ауылына келдік. Бұл ауылдың тұрғындары жыл мезгілдері туралы көп мақал біледі екен. Біз де білеміз ғой, иә!

(оқушылар жыл мезгілдеріне қатысты мақал — мәтел айтады).

 

  • Жеке тапсырма.

Міне, балалар, жолшыбай «Көкөністер мен жемістер дүкеніне» де жетіп қалыппыз. Алдарыңдағы жемістер мен көкөністерді бір – бірден ала қойыңдар. Әрбіреуінде тапсырмалар бар. Соны орындай қоялық.

(Көкөністер мен жемістердің суреттеріне жасырылып әр түрлі тапсырмалар жазылады. Әр оқушы ұнағанын таңдап, сол сұраққа лезде жауап береді).

 

  • Саяхат аяқталып келеді.

Соңғы аялдама: «Бағалау алаңы».

 

  1. Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

 

  1. Үйге тапсырма.

«Жаз» туралы тақпақ жаттау.