Сан есім, сын есім, көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғауларын, емес шылауын қайталау, дыбыстық талдау, сөз құрамына талдау жасау.

196

 

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Астана – Бәйтерек

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сан есім, сын есім, көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғауларын,  емес шылауын  қайталау, дыбыстық талдау,  сөз құрамына талдау  жасау.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Білімділік. Астана қаласы, еліміз туралы өткен білімдерін пысықтау. Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс атай білуге, сабақ барысында кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйленім үлгілерінде дұрыс қолдана білуді үйрету.

  1. Дамытушылық. Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйленім барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік. Оқушыларға еліміздің бас қаласы – Астана қаласының мемлекет өміріндегі алатын орнының маңыздылығын түсіндіру, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Кластер, пысықтау, көрнекілік арқылы шығармашылық ізденіс тәсілі, пысықтау, тест орындау.

Сабақтың түрі: ойын сабағы, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, суреттер, Астана туралы слайдтар, компьютер.

Пәнаралық байланыс: ән-күй, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың өту барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Отырғызу.

Психологиялық жағдай.
Жұппен айту.

Бүгінгі сабағымызда – сәттілік, шаттық, санамыз терең ой қалыптассын.

Біздің Отанымызда бейбітшілік, тұрақтылық, ынтымақтастық болсын.

Отбасымызда барлығы жақсы болсын деп тілейміз!

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ой шақыру стратегиясы

Кластер әдісі арқылы өткенді қайталау.
Мұғалім оқушылардан Қазақстан, Астана тақырыбында.  Мұғалім интерактивті тақтада жазып тұрады. Барлық атаулар толық аталған соң, суреттерін тақтадан көрсету.

  1. Бас қаласы Астана деп аталатын ел, қай ел?
  2. 1 желтоқсанда қандай мереке тойланды?
  3. Астана күні қашан тойланады?
  4. Мына сандар не дейді? (1832 жыл, 1961-1992 жылдар, 1993-1998 жылдар, 1998 жыл).
  5. Сен Қазақстанның ірі қалаларын білесің бе?
  6. Астана қандай қала?
  7. Астана қаласының символы не?

 

ІІІ. Меңгерілетін жаңа сөздер:

Бәйтерек – үлкен ағаш 

Өмір ағашы- көп жыл жасайтын ағаш

Самұрық құс – үлкен, қыран бүркіт тәрізді құс

Күн бейнелі – күн түрінде

Ер Төстік – батыр, ертегі кейіпкері

Бәйтерек бейнесі – Бәйтеректің кешені

«Аялы алақан» — Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың қолы, алақаны

 

ІV.  Мәтін бойынша жұмыс.

Астана – Бәйтерек.

  «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы — Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтерекегі ұяға киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Аңыз бойынша Ер Төстік батыр жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады.  Киелі ағаш туралы аңыз — бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңа Қазақ­станның көрінісі.

      Бәйтеректің жоғары бөлігінде алтын түсті алып шар орналасқан. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. «Аялы Алақан» — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі.

(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы” атты кітабынан).

 

  • Мұғалімнің мәтінді оқып беруі;
  • Мәтінді тізбектей оқу.
  • Сөйлемдерді рет-ретімен орналастырып, оқушылардың мәтінді құрауы;
  • Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою.
  • Бәйтерек қандай ағаш?
  • Аңыздың кейіпкерлері кімдер?
  • Аңыз ненің белгісі?
  • Бәйтерек нелерде бейнелеуде?
  • Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?
  • Шардың диаметрі мен салмағы қанша?
  • «Аялы алақан» кімдікі?
  1. Ережелерді қайталау мақсатында мысалдар келтіру. Жалғау түрлері: көптік, тәуелдік, жіктік және дыбыстық талдау (фонетика).
  • ҚАНДАЙ? – сұрағына жауап беру.
  • Көптік жалғаулары

(Қала, бала, кешен, өзен, тау, көл, ескерткіш, ағаш, жылан, құс,).

  • Жіктік жалғау: патриот
  • Сөзді септеу: Бәйтерек , Астана
  • Дыбыстық және морфологиялық талдау:
  • Бәйтерек , Астана; Бәйтеректің, өзенінің, бейнелерде

VІ.  Сергіту сәті. «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер.

 

ҮІІ. Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Сауаттылық хаты

І деңгей:

Мәтінді суретпен бейнелеп, мәтіннің мазмұнын ашу.

Астана сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

 

ІІ деңгей:

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап

  1. Болашағы, зор, Астананың.
  2. Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып.
  3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.
  4. Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.
  5. Қала, жас, сұлу, Астана, ең.

ІІІ деңгей:

Бәйтерек – сөзін семантикалық карта бойынша толтыру

Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру.

 

VІІІ. Ой шақыру стратегиясы.

Балалардан өзддері білетін мақал-мәтелдерін сұрау. Отан туралы мақал-мәтелдің мән-мағынасын ашу.

Жасырылған мақал-мәтелдерді шешу.

ІХ. Рефлексия. Сабақты бекіту.

 «Ойлы болсаң – озып көр»
1. Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?(алтын шар, жұмыртқа сияқты)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. «Қазақстан жолы» кітабының авторы кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4. Астанадағы ұзындығы 214 метр болатын көпір қалай аталады?
5. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала қалай аталады?(Есілдің жағасында Астана қаласы орналасқан)
6.  Шардың диаметрі мен салмағы қанша?(Шардың диаметрі – 22 м, салмағы 300 тонна)

7.«Аялы алақан» кімдікі?»Аялы алақан» Елбасынікі.

Х. Ой қорытындылау.

  • Балалар, сөзіміздің дәлелі ретінде бүгінгі тақырыпты қорытындылай келе, өзіміздің Қазақстанның ұланы ретінде көпшілікке қалай танытамыз. Айтып жіберейік.

«Ғажайып сөздер»
Б – батыр
Ә – әдемі
Й – инабатты
Т – тәртіпті
Е – еңбекқор
Р – риза
Е – еліміздің
К – келешегіміз

 

ХІ. Тіл сындыру. Тұманбай Молдағалиевтың «Астана»өлеңі.

Ән-күй пәнімен байланыстыру.

Е.Хасанғалиев «Атамекен» әнін шырқау

 

ХІІ. Бағалау. Марапат қағаздарын беріп, оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарына тоқталып өту.

 

ХІІІ. Үйге тапсырма:

Мәтін бойынша әңгімелеу, Кластер жасау.

Сабақ соңы.