ҚЫЗЫҚ ҚҰС.

 

Сабақтың лексикалық тақырыбы: ҚЫЗЫҚ ҚҰС.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сын есімді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сын есімдер бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, толықтыру.

Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғатқа деген  сүйіспеншілік сезімін ояту, құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-суреттер, үлестірме карточкалары, бейнематериал, диаграмма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

97-беттегі 3-тапсырманы сұрау.

Сын есім, сын есімнің шырайларын пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі тақырыбымыз: Қызық құс.

Сұрақ-жауап:

— Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?

— Біздің өлкемізде қандай құстар бар?

— Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Алдымен сөздікпен жұмыс жүргіземіз:

а) оқып танысу;

ә) жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.

Балалар, жалпы жер бетінде 9000-дай құс бар. Оның 500-дей түрі біздің Қазақстанда тіршілік етеді. Құстар негізінен 2 түрге бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар. Мекендейтін жеріне байланысты су құстары, тау құстары, дала құстары, орман құстары болып бөлінеді.

Бүркіт пен тотықұс 120 жыл, аққу 300 жыл, қарға 100 жыл, ал кекілік 80-90 жыл өмір сүреді. Дүние жүзіндегі ең үлкен құс – Африка түйеқұсы. Оның бойы – 2 метр 75 сантиметр. Үкі – киелі құс. Біздің халқымыз оның қауырсынын бөбектердің бас киіміне, қазақтың ұлттық аспабы – домбыраға тағады. Халқымызда «Үкінің қауырсыны тіл-көзден сақтайды» деген сенім бар. Ең кішкентай құс – торғай. Ең әдемі құс – аққу. Ең қырағы құс – сұңқар.

Осы құстардың ішіндегі ең әдемі құстардың бірі – аққу. Қазақтар аққуды киелі құс санайды. Аққу құсты «Әдеміліктің, сұлулықтың, махаббаттың символы» деп атайды. Ол – жұптасып өмір сүретін құс. Ұясын қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасында салады. Аналығы балапан басып шығарады, аталығы балапандарды қорғайды. Олар өле-өлгенше жұптарын жазбайды. Қазақта «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген дана сөз бар.

Енді осы өзіміздің Каспий теңізінде қыстайтын аққулар туралы шағын бейнекөріністі көрейік (Кадр сыртында аққу туралы ақын өлеңі оқылады).

Балалар, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қызық құс – кекілік туралы айтайық. Кекілік – тауықтар отрядына жататын құс. Ол өсімдікпен қоректенеді. Құстың «кекілік» деп аталу себебінің екі нұсқасы бар. Бірінші: оның басқа құстардан айырмашылығы – кекілі бар, екінші: олар сайраған кезде «кеке-лек, кеке-лек» деп қайталайды екен. Кекілік орта есеппен 80-90 жыл жасайды. Ол біздің Маңғыстауда Үстірт қорығында кездеседі. Көкшетауда Кекілік деген тау бар.

  1. Мәтінмен жұмыс:

а) мәтінді мәнерлеп оқу;

ә) сөздіктің көмегімен аударма жасау.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Жазба жұмысы. 2-тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасау.

өте үлкен – үлкен; үлкен – үлкенірек; кіші – кішірек; ең жақсы – жақсырақ; ең жайлы – жайлылау.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Құстардың, құрт-құмырсқаларды, алғашқы, ағаштардың.

4-тапсырма. Ауызша.

  1. Сабақты қорыту.

Венн диаграммасы: Аққу мен кекілікті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап, жазу.

VII. Үйге тапсырма:

Құстар туралы мақал-мәтелдер тауып келу, кекілік туралы әңгімелеу.

Сабақты өткізген: Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірінші санатты ұстаз НҰРГҮЛ ХАСАНОВА.