Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы.

307

 

Сабақ тақырыбы:  Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жазушының өмірбаяны, мәтін, сұрақ-жауап, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен  өлең талдау, тест.
Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.

Қолданылатын инновациялық технологиясы: СТО элементтері

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
(оқушылармен  амандасып, оларды түгендеу).
2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сөздік жұмысы. (сөздерді аударып жазу, қосымша тапсырманы орындау)

Нет разницы /айырмасы жоқ/, звучать одинаково /бірдей естілу/, точно /анықтап/, придираться /түртпектей/, впервые /тұңғыш рет/, много /талай/, значение /мағына/, хвалить /мақтау/, поручил /тапсырды/, не полностью /шала-пұла/, обрадовавшись /мәз болып/.

Қосымша тапсырма: мақтау сөзін септеу, тапсырды сөзін жіктеу (жазбаша), мағына, талай сөздерін септеу(ауызша).

4.Сұрақ-жауап.

— Зат есім деген не?

— Сын есім деген не?

— Сан есім деген не?

— Есімдік деген не?

— Етістік деген не? Тұйық етістік?

— Құрмалас сөйлем деген не? Неше түрі бар?

— Салалас құрмалас сөйлем деген не, неше тобы бар?

— Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар, қандай жалғаулықтары мен шылаулары бар?

— Сабақтас құрмалас сөйлем деген не, неше топқа бөлінеді?

— Бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің неше және қандай түрлері бар?

— Өткен сабақтарда танысқан шығармалардың әйгілі Қазақстан жазушыларын атаңдар? /Ы.Алтынсарин, Сапарғали Беғалин, Саттар Ерубаев, Өтебай Тұрманжанов, Бердібек Соқпақбаев, Мұзафар Әлімбаев, Бауыржан Момышұлы/
5. «Ой шақыру» стратегиясы.

-Дәптерлерінді ашып бүгінгі күнді  жазыңдар.

Ақын— сөзіне қандай ассоциация сөздер ойларына келеді? (адам, ақылды, өлең, құрметті, әдебиет, шығармалар т.б.)

-Бүгінгі тақырыпты  жазыңдар.

  1. 6. Мағынаны тану.

Бүгін біз Қазақстан әйгілі жазушы Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінеміз. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыра білеміз. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғып аламыз.

«Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады».

Мәтінді екі топқа бөліп аудару. Одан кейін мәтіннен ең маңызды деректерді теріп жазу.
Өмірбаяны мен шығармашылығы. (қысқыша мәлімет – 1 оқушы ауызша оқып шағады)
Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

Тұңғыш туындысы  1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды.  Содан бергі уақыт ішінде  40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын,  ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967),«Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973) т.б., сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы  »Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.

Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің,  Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,  Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

 

АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІ – ШЫНДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ

Поэзия – әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры, ал лирика – поэзияның поэзиясы секілді қағида адамзат баласының танымына сөз өнерін тани және таныта алатын қабілет дарығалы бері айтылып келеді. Қадыр Мырзалиев өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осыдан, поэзияның поэзиясынан – лирикадан тапқан.

Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Қадыр Мырзалиев – өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талант.

Қазіргі оқырманның интеллектуалдық деңгейі биік, эстетикалық талғамы жоғары. Олар кез келген қаламгерден әдемі ырғаққа, шымыр да селкеусіз ұйқасқа құрылған өлең ғана іздемейді, әр шығарманың астарынан өзіне ой салар философияны, өзі бұрын көп біле бермейтін ғылыми пайымдаулардың поэтикалық үлгісін, сол арқылы сөз зергері тұжырымдаған соны байлам, тың шешім іздейді. Меніңше Қадырдың қадырын арттырып, өзгелерден өзгешелеп тұратын да осындай ой мен сезімнің тұтасқан бір бүтінге айналып, өлең өмірінің әр кезде де жаңаша сипатта көрінуі, шығарма шешімінің әрқашан да біз күтпеген тұстан келіп шығып, ойлануға итермелеуінде деп түсінемін.

Ол нені жырламасын, бізге беймәлім әлемнің әр түкпіріндегі аң мен құсты, жан-жануарлар мен жәндікті сөз етсе де, ақын ойы, оның өзі өлеңге объект етіп алған дүниесі бізге таныс нәрседей, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай анық та айқын болып келеді. Ол қайдағы бегомот па, керік пе, мүйізтұмсық туралы айта ма оларға өзіміздің қазақы теңеулер мен салыстыруларды шебер пайдаланады. Керек болса, олардың әр қилы қасиеттерінің өзін қазақы ұғымдармен сараптайды.

  

  1. Бекіту тапсырмалары

1) Ақынның ой толғамдары. (қанатты сөздерін оқу, мағынасын ашу)
2) Ақын өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу, аудио жазуды тыңдау.
«Қызыл кітап»

  1. Шығармашылық жұмыс.
    Қадір Мырза Әли — Бес жолды өлең жазу.

1.Қадір Мырза Әли.

2.Әйгілі, құрметті, білімді.

3.Өлең жазды, шығармашылық өмір сүрді.

4.Қадір Мырза Әли- белгігі ақын.

5.Ақын.

  1. Қорытынды.

Тест сұрақтары.

1.Қадір мырза Әли қай жылы туған?

А)1936   ә)1925   б)1935

  1. Қадыр Мырза Әли кім?

а)ақын, жазушы  ә) сазгер   б) ғалым

  1. Қадыр Мырза Әлидің өлеңі?

а) Он саусақ  ә) Жаз лебі   б) Қызыл кітап

  1. 2001 жылы Қадір Мырза Әли қандай сыйлық алды?

а)Халық Қаһарманы  ә) Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

б) Кеңес Одағының сыйлығы

  1. Қадір Мырза Әли қай жылы қайтыс болған?

а)2010    ә) 2012    б) 2011

  1. Үйге тапсырма: 193 бет тапсырма, реферат.
    11. Бағалау.