Аңдар

57

                                     

Сабақтың тақырыбы: Аңдар

Сабақтың мақсаты: 1)Жабайы жануарлар туралы білімдерін кеңейту.

2)Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сұрақтар мен мысалдар  арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.

3)Туған өлке табиғатына, онда мекендейтін жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: «Жабайы аңдар» туралы бейнефильм, сөздік сөздер, жабайы жануарлардың суреттері, «Адасқан сөздер» ойыны.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың технологиясы: Блум технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, көрнекілік әдістер, пікір алмасу, сипаттау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) – сабаққа дайындықтарын тексеру

— сабақтың ережелерімен таныстыру

— топ ережелерін тақтаға іліп қоямын

1 – ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2 – ереже: Біреудің айтқанын қайталамаймыз!

3 – ереже: Сабақта тақырып бойынша сөйлесеміз!

4 – ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

5 – ереже: Ойымызды толық айтамыз!

ә) «Шаттық шеңберіне» шақыру

Әрбір таңның арайын,

Қарсы аламыз қуана

Ақ тілектің сарайын,

Ашамыз бар адамға.

Мұғалім: Балалар! Біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?

Балалар: Күннің көзін көреміз.

Мұғалім: Күннің көзі бізге не береді?

Балалар: Күннің көзі бізге жылу, жарық береді.

Мұғалім: Күннің көзі немізді жылытады?

Балалар: Күннің көзі бетімізді, қолымызды, жүрегімізді жылытады.

Мұғалім: Олай болса, жүректерімізді ұстап, жылуын сезінейікші?

Мұғалім: Жүректерің қалай соғып тұр?

Мұғалім: Ендеше осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы.

Мұғалім: Ендеше балалар бір-бірімізге жақсы, жылы лебіздер, тілектер сыйлайықшы.

Мұғалім: Балалар, біз қандай тарауды бастадық?

Балалар: «Жануарлар әлемінде»

Мұғалім: Жануарлар қалай бөлінеді?

Балалар: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар.

ІІ Үй жұмысын тексеру. «Интервью» әдісі

Жабайы жануарлар туралы бейнефильм көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқу барысында оқушыларға V – білемін, + — жаңа білдім,

— — білмедім деп сөздерге  қарындашпен белгі қоюларын ескерттім.

Жаңа сөздердің көмегімен мәтінді орысшаға аударады.

ІІІ Блум жүйесі

І Кіріспе бөлім

1.Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді?

2.Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Түсіну:

1.Жабайы аңдар дегенді қалай түсінесіңдер?

а)ешкім бақпайды;

ә)орманда, тауда, далада тіршілік етеді;

б)тамақтарын өздері тауып жейді;

в)жабайы өседі;

г)төлдерін де өздері асырайды

Қолдану:

«Адасқан сөз» ойыны

а қ а о к
қ а ю т і
о с и ү р
я қ е л п
н ы р к і
ж о л б а
а р қ а р
ң д а р ы
б а р ы с

 

ІІ Негізгі бөлім

Талдау:

Балалар, жануарлардың мінезі қандай?

Жануарлардың мінезін сипатта:

Түлкі                                               қорқақ

Қоян                                       айлакер

Арыстан                                зұлым

Қасқыр                                  айбатты

Аю                                         ұйқышыл

Жинақтау:

Бұл мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  • Неге жабайы аңдар хайуанаттар бағында тұрады?

Бейнефильм көрсетіледі

  • Қазақстанның жануарлар әлемі қандай?
  • Қандай жануарлар сиреп, азайып барады?
  • «Қызыл кітапқа» қандай жануарлар енген?

Қорытындылау:

Дұрыс Бұрыс
1. Жабайы жануарлар екіге бөлінеді.
2 Аңдар жабай өседі
3 Жабайы жануарлар орманда, тауда тіршілік етеді.
4 Жабайы жануарлар адамға қызмет етеді
5 Аңдар өз қорегін өздері тауып жейді.
6 Аңдар төлдерін өздері асырайды
7 Жабайы аңдарды адамдар бағады

Үйге тапсырма:

Бір аң туралы қосымша мәлімет жинап, жазып келу.

ББҮ кестесін толтыру

Білемін Не білгім келеді? Үйрендім