Әкем мен шешем.

52

 

Сабақтың тақырыбы: Әкем мен шешем.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың еркін сөйлеумәдениетін көтеру, сөздік қорын байыту, тәуелдік жалғауының І,ІІ жақ , жекеше түрі мен ілік септігі мен сілтеу есімдігін үйрету.

Дамытушылық:  шығармашылық жұмыстарын жетілдіру, тілін ұштау, сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік: туған бауырларына, ата-анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Отанына, туған жеріне, отбасына адал азамат пен азаматша болуға баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Пәнаралық байланыс: әдеп,  орыс тілі, бейнелеу өнері.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

— Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін қандай күн?

Сабаққа дайынбыз ба?

Сабақта кім жоқ?

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Атам мен әжем әңгімесін тыңдау.

 

ІІІ. Сөздікпен  жұмыс. Сөздік дәптерге жазамыз

Шеше-мама

Әпке – старшая сестра.

ІV. Жаңа сабақ.

Әкем мен шешем деп – бізді аялап өсіріп, оқу оқытып жүрген аяулы жандар. Ата –анасыз өмір сүру өте қиын. Сондықтан, әке-шешемізді құрметтейік балалар.

Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер.

1-тапсырма. Диалогті оқып, өз отбасың туралы айт.

  • Вова, сенің әкең не істейді?
  • Иенің әкем – шахтер.
  • Ол қайда жұмыс істейді?
  • Ол шахтада жұмыс істейді.
  • Сенің шешең не істейді?
  • Менің шешем – мұғалім.
  • Ол қайда жұмыс істейді?
  • Ол мектепте жұмыс істейді.
  • Атаң, әжең бар ма?
  • Иә, бар. Олар үйде.

2-тапсырма. Сызбаға қарап, есіңе сақта, сөйлеп үйрен.

атам

әжем

әкем

шешем

Менің                              ағам

әпкем

қарындасым

(сіңлім)

 

атаң

әжең

әкең

шешең

Сенің                              ағаң

әпкең

қарындасың

(сіңлің)

3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле, жаз.

Үлгі:

  1. Кім? Мұғалім.
  2. Кім келді?                  Мұғалім келді.
  3. Мұғалім қайда келді? Мұғалім мектепке келді.

4-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқып үйрен, жатта.

Жаңылтпаш

Топ бала

Допты ала.

Қуып жүр

Топтала.
5-тапсырма. Өз отбасың туралы жаз.

Біздің отбасымызда …. адам бар. Олар: …, …., …., ….., ….., … . Атам … . Әжем … . Мен … жастамын.

IV Қорытынды .

Бүгін нені білдік?

 

V Үйге тапсырма.

Сөздерді жаттау. 5-тапсырманы аяқтау. Өз әке-шешелерің туралы мәтін құрап келу.

ҮІ. Бағалау:  сабаққа қатысуына қарай, білген деңгейлеріне қарай бағалаймын.